«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Планета

Экология – бүкіл адамзатқа ортақ мәселе

Қазіргі таңда экологиялық мәселелер бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Ауа мен судың ластануы, ормандардың азаюы, климаттың өзгеруі – адамзат алдында тұрған маңызды проблемалар.

Экологияның нашарлауына адамдардың өздері себеп болып отыр. Зауыттардан шыққан түтін, пластик қалдықтар, көліктердің көбеюі табиғатқа үлкен зиян келтіреді. Соның әсерінен кей жануарлар жойылып, ауа температурасы өзгеруде.

Қазақстанда да экологиялық мәселелер бар. Арал теңізінің тартылуы – соның бір дәлелі. Сонымен қатар үлкен қалаларда ауаның ластануы халық денсаулығына әсер етуде. Сондықтан табиғатты қорғау әр адамның міндеті болуы тиіс.

Экологияны сақтау үшін ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптау, пластикті аз қолдану қажет. Егер әр адам табиғатқа жауапкершілікпен қараса, қоршаған ортаны сақтап қалуға болады.

УЛЖАБАЕВА  Алмагуль,

Алматы облысы,  Жамбыл ауданы,

«Қарғалы №3 орта мектебінің» 11«А»  сынып оқушысы

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz

желілік басылым сайтының  Жас  тілшісі

Шығармашылық  жетекшісі: Жақыпбек Елдар Еркінұлы,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Сәйкес жаңалықтар

Жаһандық жылыну

farabi shakirti shakirti

Алманың отаны – Қазақстан

farabi shakirti shakirti

Мұхит неге Марстан да жұмбақ?

farabi shakirti shakirti