«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Тарих

Білім ордасы — қарашаңыраққа түлектері оралды

     Форумға атбасын тіреген ондаған түлектер қатарында ҚазҰУ  — 1981-1986 жылдары тәмамдаған «Журналистика» факультетінің түлектері де бар. Университетті бітірген 40 жыл ішінде курстастарымыз өсіп-өніп, қызмет белесінде, отбасында, Media және әртүрлі салада абыройлы еңбектерімен елге қызмет еткен ардақты жандар. Иә, бүгінде ат үстінде жүрген курстастарымыздың жемісті еңбегі ізбасарларымызға өнеге.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дәстүрлі айналдырған  «Түлектер» арнайы форумына  ҚР  Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы, ҚазҰУ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми, ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев қатысты.

Түлектер  форумы ашылу салтанаты алдында Әл-Фараби ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. 90 жылдық тарихы бар білімнің қарашаңырағы Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев жиынға жиналған түлектерді құттықтап, жылда  университет бітіргендеріне 5 жылдан бастап 60 жылдық тойларына келетін түлектерге алғыс айтты.—ҚазҰУ – ел элитасын тәрбиелеген қасиетті қара шаңырақ, тәуелсіз Қазақстанның басты интеллектуалдық тірегі. Бүгінде біз жаңа дәуірдің, жаңа белестердің куәсіміз. Осы жылдың 19 наурызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев университетімізге арнайы келіп, ғылыми қоғамдастықпен жүздесті. Президентіміз университеттің ел дамуындағы стратегиялық рөліне жоғары баға беріп, алдымызға үлкен міндеттер қойды. Ғылымды өндіріс пен экономикамен ұштастыру, жас ғалымдарды қолдау, халықаралық байланыстарды күшейту және жаңа заман талаптарына сай бәсекеге қабілетті кадр даярлау бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Мемлекет басшысының бұл сенімі – біз үшін зор мәртебе әрі биік мемлекеттік жауапкершілік.  Біз осы сенімді ақтау мақсатында университетіміздің ғылыми-инновациялық қуатын одан әрі нығайтып келеміз», – деді ректор.

ҚР Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров, ҚазҰУ Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми сөз сөйлеп, университет ұжымын құттықтап, олардың елеміздің білімі мен ғылымының өркендеуіне қосып келе жатқан ерен еңбектерін атап өтті. Халықаралық рейтингтегі беделіне тоқталды. Универмитет алаңына жиналған барлық түлектерді мерекемен құттықтады.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін биыл 6486 түлек бітіреді. Оның ішінде 4417 – бакалавр, 1579 – магистрант, 490 – докторант бар.

Университет өнерлі жастары түлектерді ән-күйге бөлеп, концерт  ұйымдастырды.

Республикалық  Farabi  shakirti журналы

*Негізгі мәліметтер  — https://farabi.university/news/ сайтынан;

Журфак түлектерінің жеке  парақшасынан алынды

Сәйкес жаңалықтар

Биік таулар мекені — Нарынқол

Тәуелсіздікті сақтаудағы жастардың рөлі

ЮНЕСКО тізіміндегі Қазақстанның тарихи — мәдени ескерткіштері