«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Ғибрат

«Қазақ аруы» — ұлттық тәрбие мен парасаттылықтың алаңы

📸 Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).

Жолдаған: автор  Менгельс  Арай

Сурет иллюстрация ретінде жасалды.

«Қазақ аруы» ұлттық байқауы 2011 жылы алғаш рет өткізілді. Байқаудың негізін қалаушы және жетекшісі – продюсері  Алагузова  Баян Мақсатқызы.

Нәзіктік пен сұлулықты айқындап, ұлттық құндылықтарды насихаттайтын байқаудың  биыл 16 – маусымы өтті.

Бұл айтулы дода 2026 жылдың 3 қарашасында Алматы қаласындағы Республика сарайында ұйымдастырылды. Жобаға еліміздің әр өңірінен іріктелген 22 ару қатысып, бақ сынады. Жеңімпаздарды анықтау онлайн дауыс беру форматында жүргізілді.

Осы жылғы байқаудың басты мақсаты – қазақ қызының ұлттық болмысын, өнері мен білімін паш ету. Сонымен қатар доданың басты ерекшелігі – аты аңызға айналған «Қыз Жібек» фильмінің көркемдік мұрасына арналуы. Қатысушылар фильм кейіпкерлерінің бейнесін жаңғыртып, ұлттық киім үлгілерін көпшілік назарына ұсынды. Осы арқылы халқымыздың бай дәстүрі мен төл өнері кеңінен дәріптелді.

Байқаудың бас жүлдесін Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 20 жастағы студенті Асылым Өтепберген иеленді.

Ол көрермендердің онлайн дауыс беруі нәтижесінде 17 164 дауыс жинады. Екінші орынға Әйгерім Қайпен, ал үшінші орынға Сымбат Әбубәкір жайғасты.

«Қазақ аруы» – сұлулықты ғана емес, ұлттық тәрбие, білім мен өнерді ұштастыратын бірегей мәдени жоба. Оның басты құндылығы – рухани мұрамызды келер ұрпаққа аманаттау.

                                    МЕНГЕЛЬС  Арай,

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,

Гагарин ауылындағы

«Талғат Бигелдинов атындағы ЖББМ» КММ

11 – сынып оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы драматург Петер Хандкеге бұйырды

admin_farabi

Президент вручил Государственный флаг членам сборной команды Казахстана, участвующим в ХХХІІІ летних Олимпийских играх

«Әке беделі – ұлт абыройы»

farabi shakirti shakirti