«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Lifestyle

Қазақстандықтар шомылуға болатын орындарды мобильді қосымша арқылы біле алады

Ендігі уақытта қазақстандықтар шомылуға рұқсат берілген немесе тыйым салынған су айдындары туралы мәліметті мобильді қосымшаның көмегімен анықтай алады.
Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов мәлім етті, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ересектер мен балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық-профилактикалық жұмыс үздіксіз жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері БАҚ-қа арналған 135 брифинг өтті. Радио және теледидарларда біздің өкілдер 4261 рет эфирге шықты. Сонымен қатар газеттер мен журналдарда 587 мақала жарияланды. Сол сияқты әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде судағы қауіпсіздік ережелері бойынша 52 бейнеролик орналастырылып, күн сайын көрсетіліп жатыр», — деді Бауыржан Сыздықов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, комитет басшысының мәлімдеуінше, халық арасында 120 мыңнан астам жадынама таратылып, су айдындарында 2 мыңнан астам қауіпсіздік белгілері орнатылды.  «Азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу шарасы ЖОО-да ұйымдастырылып жатыр. Осы күнге дейін 1,5 млн адамды қамтыған 854 интерактивті сабақ және жиын өтті.

Одан басқа, «2GIS» картографиялық платформасында (мобильді қосымша) еліміздің барлық өңіріндегі су айдындарында шомылуға тыйым салынған (4994) және рұқсат етілген (490) орындар туралы мәліметтер орналастырылды», — дейді ол.

ktk.kz

Сәйкес жаңалықтар

Всемирный день Без интернета

Балалық шақ — бала күндер

Educational grant to the University of Hong Kong

farabi shakirti shakirti