Журналистика әлемінің теңдесі жоқ

оны меңгеруге – қабілет пен батылдық, әділ болу қажет

 11 «А» сыныбының жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі –ТӨЛЕУ  Жансая Артыққызы

  Мен күтпеген қуаныш өмірімде орын алды. Республикалық зерек балаларға арналған «Farabi shakirti» журналының қызметкерлері мектебімізге арнайы келіп, маған «Жас тілші» куәлігін табыстады.

Мектеп бітірген соң, арманымның орындалуына бір қадам жасалды. Менің шығармашылық қабілетіме тоқталған басылым редакторы Ж.Кучукова  «Журналистика әлемінің теңдесі жоқ, оны меңгеру – қабілет пен батылдыққа байланысты. Әділ, мәдениетті  болу қажет. Журналистиканың әдебін сақтау маңызды. БАҚ туралы заңды үнемі басшылыққа алу керек», — игі тілегін арнап, құттықтады.

Алматы қаласы, Алатау ауданы, №204 ЖББМ – тің биылғы түлегімін. 11 «А» сыныбында оқимын. Біздің алдымызда мамандықты дұрыс таңдау қағидасы өткір тұр. Биыл мектеп бітіретін барлық түлектер алдында тұрған жауапты қадам – мамандық таңдау мен келелі ҰБТ сынағынан мүдірмей өту мақсаты тұр. Маған болашақта журналист мамандығын таңдау маңызды болды.  Журналистика мен мамандық  туралы ақпараттарды іздеп, оқыдым.         —Журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз шығармашылығы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Әрбір мамандық сияқты, журналисттің де өзіне қатысты білім, іс — тәжірибесі болу міндетті. Газет-журнал немесе радио — телеарнаның жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші — ұйымдастырушылық, екінші — әдеби өңдеу, үшінші – шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек, — деп айтылған.

Менің сыныбым

Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға — құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс. Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, шығармашылық қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой, жан-жақты, әрі терең бойлаған танымпаздық және білімділік бірінші орында тұруы керек. Бұған қоса журналист кең пейілді, жаны жомарт, жақсылыққа құштар, мейірімді, жақсы дос, қиналғанда қол ұшын беретін жан болуы да үлкен қасиет. Ол менмендіктен аулақ болуы керек, өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекеті арқылы өзгелерге үлгі-өнеге бола білгені ғанибет.

Журналист туралы маңызды ақпараттармен танысқан соң, жазған алғашқы дүниелерімді қай редакцияға тапсырған дұрыс деген сұрақ төңірегінде балалар басылымдары туралы мәліметтерді іздедім. Солардың арасынан «Farabi shakirti» журналы ұнады. Редакциямен хабарласып, мақалаларым жарияланып келеді.

  ОТЫНБЕКОВА Айша,

 Алматы қаласы, Алатау ауданы,

№204 мектебінің

11”А” сынып оқушысы.

Республикалық «Farabi shakirti»

журналының «Жас тілшісі»