Суреттерді сөйлеткен саңлақ

           Сайлау Пернебеков  көпшіліктің жадында

       ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында қазақстандық фотожурналистиканың негізін қалаушылардың бірі, белгілі фототілші Сайлау Пернебаевтың 85 жылдығына арналған «Ақ пен қара» атты фотокітабының тұсаукесері және мерейтойлық жеке шығармашылық фотокөрмесінің ашылуы өтті.

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Қуантайұлы — шараның модераторы боып, жүргізді.
⠀ Мерейтойлық шараға белгілі күйші əрі ақын Талап Қараш қатысып, «Күзембайдың көкпары» атты авторлық күйін тарту етті.
Көпшілік алдында котокітаптың құрастырушы авторы, Сайлау Пернебаевтың шәкірті Асылхан Әбдірайымұлы «Сайлау Пернебаев – 85» тақырыпта баяндама жасап, ұстазы өмір сүрген жылдардағы шеберлік қырларын атап өтті.

⠀ Замандастары: Зейнеп Ахметова, Қалиғұмар Қабдешұлы, Нұрманбет Қизатұлы, Априза Айтбайқызы, Әмірхан Меңдеке, Рысбек Сәрсенбайұлы, Бейсенбай Сүлейменов және тағы басқалар кейіпкер жайлы естеліктермен бөлісіп, «Ақ пен қара» фотокітабына тоқталды.

Фотожурналист туралы  танымал ардагер — фотожурналист Нұрманбет Қизатұлы, Рахымбай Ханалының жары, ”Қазақстанның құрметті журналисі” Априза Айтбайқызы естеліктерімен бөлісті.

С.Пернебековтың жеке шығармашылық кешіне зиялы қауым, жазушылар, фотографтар, БАҚ өкілдері, студенттер қатысты.