2019 жылғы химиядан Нобель сыйлығы литий-ион батареясын жасағандарға берілді
Биыл химиядан Нобель сыйлығы литий-ион батареясын жасағандарға беріледі, деп nobelprize.org сайты хабарлайды.
2019 жылғы сыйлықты химиктер — Джон Гудэнаф (John B. Goodenough), Стэнли Уиттингем (Stanley Whittingham) және Акира Ёсино (Akira Yoshino) алатын болды. Олар литий-ион аккумуляторларын әзірлеген.
Лауреаттардың есімін жариялау салтанатының трансляциясы сыйлықтың ресми сайтында тікелей көрсетілді.
Ал сыйлықты табыстаудың ресми салтанаты Альфред Нобель қайтыс болған күні — 10 желтоқсанда Стокгольмде болады. Лауреаттарға марапатты Швеция королі Карл XVI Густав табыстайды. Айта кетейік, 2019 жылғы сыйлықтың көлемі шамамен бір миллион долларға жуық. Үш химик соны бөліп алады.