«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Ұстаз

«Мұғалім – мектептің жүрегі»

Ғафу ҚАЙЫРБЕКОВ

«Асыл жандар, мұғалімдер, ұстаздар,
Шын шеберлер, өнерпаздар, іспаздар,
Әр шәкірттің кеудесінде бір ту бар,
Сол бір туды жығып алмай ұстаңдар!»

 

       Ұстаз -жас ұрпақты, адамгершілікке, мейірімділік пен іскерлікке,  жалпыадамдық ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Сені өмірге жетелеуші. Жақсы мен жаманды үйретуші. Бар білімін саған құйып жетістікке жетелеуші.

       Ұстаздық жол – қиындығымен қызық, ерекше мамандық. Біреудің баласы үшін жауапкершілік алу, үлкен тәуекел. Бала өсіп, білім алып өз өміріне қожалық еткенше ата-анасы қандай қиналса, ұстаз да сол тауқыметке қатар түседі. Сол  себепті ұстаз үнемі ізденіп, әр шәкірттің балапанын  ұясында  баптаған  құс секілді шыр-пыр болып, тер төгеді. Барынша асыл қасиет, мол білім, тапқырлық, еңбекқорлық, ізденімпаздық, өнерде ұстаз бойынан табылуы шарт.

    Бірақ біздің қазіргі қоғамда, ұстаздың қадірі қаншалықты жоғары? Менің ойымша, ұстаздарды  өте жоғары деңгейде сыйлауымыз керек. Себебі, «Ұстаз –ұлағатты есім».

        Қазіргі таңда, менің естіп — білуімше ұстаздарға берілетін жүктемелер өте көп. Оқушыларға білім беруден тыс, оқу кабинетті тазалау жасау, оқу жылы аяқталғанда сынып пен мектептің жөндеу жұмыстарына өз қалталарынан ақша қосу, тіпті кей мектептерде ұстаздарды субботникке шығарады. Бұл ұстаздың құқығын таптау деп білемін. Ұстаз оқушысымен мейлінше сабақ өткізуге, шәкіртін шығармашылыққа баулуға уақытын жұмсау қажет. Осы жағдаймен мемлекет айналысуы керек деген ойдамын.

      Ұстаз-ұлы тұлға! Ұстаз міндеті- балаларға білімін беру, білім нәрімен сусындату.

                                                        

МЕЛС ДАНА ДӘУЛЕТҚЫЗЫ,

                                                         №169 мектеп-лицейінің

                                                         11”А”сынып оқушысы

                                                         Алматы қаласы, Алатау ауданы

Сурет:KzNews

Сәйкес жаңалықтар

Ұстаз – ұлы тұлға, ұрпаққа үлгі

farabi shakirti shakirti

Ұстаз – ұлы тұлға

Қазақстан 12 жылдық білімге қашан көшеді

admin_farabi