“Тағылымы мол тарихи мұра”

Қазіргі уақытта “ Тұран “ университетінде журналистика факультетінің түлегімін. Арманым — журналист болып, ақпарат айданында қызмет ету. Осы орайда, осы жылы өз қаламда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің музейінен көрген «Факель» қабырға газетінің екі саны маған ерекше әсер қалдырды.

«Факель» — студенттердің өз қолдарымен жазған, сонымен қатар мәшеңкеге бастырып, шығармашылықтарын жарияланған журнал екен. Оның 1954 жылы мамыр айындағы N1 және 1957 жылғы қараша айындағы N7 саны сақталған.

Бұл нөмірлерде жастардың өлеңдері, повесть, әңгімелері жарияланған екен. Солардың ішінен өңірден шыққан атақты ақындар 2 — курс студенттері Фариза Оңғарсынованың, Нұралы Әжіғалиевтің, Өтеген Оралбаевтың өлеңдері көзге оттай басылды.

Фариза Оңғарсынованың бір өлеңіне қаламсаппен түзетулер енгізіліп, бір жолдары жаңадан жазылыпты. Сірә,а втордың өзі жазған сияқты. Көз алдымызға уыздай жас ақынның осы өлең жолдарын түзетіп жатқаны келеді.

Осындай қолтаңбадан артық қандай тарих керек?! Бұл — келешекте журналист болам деген менің қатар — құрбыларым үшін үлкен өнеге, үлгі деген ойға келдім.

 

 

 

БИСЕМБАЕВА  Гульнасип,

“ Тұран “ университеті,журналистика факультеті

Алматы қаласы