Ғалам ғажаптары
34 млн жылдық тарихы бар өзен
Антарктиданың шығыс бөлігіндегі мұз қабатының астынан 34 млн жыл бұрын пайда болған ежелгі өзен анықталған.
Бұл жаңалықты Ұлыбританиядағы Дарем университетінің ғалымдары ашты. Мамандардың болжамынша, бұл Антарктида Гондвана суперконтинентінің құрамында болған кезінде қалыптасқан. Гондвана ыдырағаннан кейін Антарктида үшке бөлінді. Олардың әрқайсысының арасында терең шұңғымалар орналасқан. Ауа райы бірден салқындағанда, таулардың басына қар түсті. Ал еріген сулар мұхитқа қарай ағып, өзен арнасы пайда болды. Міне, солар қаншама ғасырдан кейін мұз қабатынан табылып отыр.
Ең ұзын динозавр
Англияда ұзындығы екі автобустан асатын теңіз динозаврының сүйегі табылды.
Бауырымен жорғалаушының қаншалықты үлкен екенін ғалымдар нақты айта алмайды. Бірақ тұмсығы мен құйрығын қосқанда ұзындығы шамамен екі автобустың ұзындығымен бірдей екені анықталған. Бұл динозавр 202 миллион жыл бұрын мезозой дәуірінің триас және юра кезеңдерінің шекарасында өмір сүрген. Сарапшылар оның жақтарының ұзындығы 25 метрге дейін жететін алып ихтиозаврға тиесілі екенін айтады.
Бірақ Дорсет жағалауындағы жартастан табылған плезиозаврдан ұзын. Алайда оның өлшемін нақты анықтау үшін толық бас сүйегі мен қаңқасын табу керек.
Нанороботтың көмегі
Сан-Диего қаласының медицина мамандары нанороботтың көмегімен адамның ауырған жеріне керекті дәріні дәл жеткізу сынағын сәтті жасады.
Бұл ғылыми-тәжірибелік зертханасында жасалды. Ғалымдар бұлшық еттің ауырған жеріне нанороботтың көмегімен дәріні дәл жеткізіп, адамның басқа мүшесіне оның кері әсер етуіне жол бермеген. Енді олар алдағы таңда нанороботтың көмегімен түрлі дертті емдеуге болатынын айтады. Алдымен нанороботтар ісік ауруларын емдеуге қолданылмақ.
Egemen Qazaqstan газетінен.