BAITURSYNULY UNIVERSITY БАЗАСЫНДА СЕЧЖОН КОРОЛІ АТЫНДАҒЫ ИНСТИТУТ АШЫЛАДЫ

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай университетінің студенттері мен оқытушылары Король Сечжон атындағы Институтта корей тілі мен мәдениетін үйренетін болады.

Мамыр айында Институт өкілдері Қостанайда болып, ҚӨУ ректоры Сейітбек Қуанышбаевпен кездесіп, ЖОО-ның материалдық-техникалық базасымен танысты. Кездесу қорытындысы бойынша Baitursynuly University базасында Король Сечжон атындағы Институт ашылады. Бұл Институттың Қазақстандағы төртінші филиалы болмақ.

Институттың ашылуы туралы сертификатты ресми тапсыру рәсімі 6 тамызда Сеулде (Оңтүстік Корея) өтеді деп жоспарланған.

Король Сечжон атындағы институт – мемлекеттік органдармен өзара ынтымақтастық арқылы корей тілі мен корей мәдениетін танымал ететін халықаралық білім беру орталығы. Институттың халықаралық бөлімшелерінің арасында Ұлыбританияның Британдық кеңесінде, Германиядағы Гете университетінде, Франциядағы Франция академиясында және Қытайдағы Конфуций университетінде өкілдіктері бар.

Соңғы жылдары Қостанай университеті Оңтүстік Кореямен белсенді байланыс орнатуда. Биыл ҚӨУ-дің негізгі шетелдік серіктестерінің бірі – Dong-Eui университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша университеттің екі студенті білім алды. Сонымен қатар Baitursynuly University өңірде салынып жатқан KIA зауытына инженер-механиктерді даярлауда, мұнда корей тілін білетін мамандар басымдыққа ие.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім

министрлігінің ресми сайтынан: GOV.KZ