15 қараша — Ұлттық валюта күні

Биыл ұлттық валютамыздың, яғни теңгенің енгізілгеніне 31 жыл. 1993 жылдың 12 қарашасы күні тұңғыш президентіміз «ҚР ұлттық валюта енгізу туралы» №1399 Жарлыққа қол қойды. Үш күннен кейін, 15 қарашада еліміздің ұлттық валютасы − теңге айналысқа енгізілді. Ал, тарихи күн, тарихи сәт  − 1997 жылы 13 қараша. Себебі осы күні алғаш төл теңгеміз айналымға түсіп, «Ұлттық валюта күні» деп жарияланды.

1992 жылдың 27 тамыз күні Ұлттық банк теңге купюрасының ұлттық үлгілерін бекіткен болатын. Қазіргі долларда Бенджамин Франклин, Улисс Грант, Авраам Линкольн және т.б. АҚШ президенттері мен көрнекті тұлғаларының бейнесі тұрса, ал өзіміздің ұлттық теңгеде  Әбу Насыр әл-Фараби, үш теңгеде Сүйінбай, бес теңгеде Құрманғазы, он теңгеде Шоқан және т.б. теңгелерде қазақ зиялылардың бейнелері сомдалды. Тұңғыш теңгелердің қағаз, тиын үлгілерін, нумизматикасын мұражайлардан көруге болады. Бұл да бір тарих, ұлттық құндылық.

Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен монета сарайы болмағандықтан, алғашқы ақшалар Англияның ең көне әрі әйгілі «Harrison & sons» фабрикасында басылды. Алғашқы монеталар Германияда никель күмістен және жезден жасалып, елімізге әкелінді. Қажетті техникалардың болмауынан 1995 жылдың мамырына дейін валютамыз Англияда басып шығарылған. Сол жылдан кейін тұңғыш президентіміз бұл мәселені қолына алып, ұлттық валюта шығаратын мекеменің ашылуына ұйытқы болды.

Ақшамыздың атауын таңдауында да тарихи, қызықты оқиға бар. Әуелі валютамызды «теңге» емес «алтын» деп атағысы келген екен, одан кейін қазіргі қырғыздар «сом» валютасын негізі қазақстандық тиын болуын жоспарлаған. Тарихты еске түсірсек, Орынборда «таньга» деген күміс тиындар болған. Соған ұқсатып біздің ақшамызды кейіннен «теңге» деп атаған. Осы атауды Сауық Тәкежанов ұсынды.

2000 жылдан бері валютамыз халықаралық байқауларға қатысып, әртүрлі номинациялар бойынша 20-дан астам марапатқа ие болды. Мысалы, 2007 жылы Тайландта өткен валюта конференциясында 10 мыңдық теңгеміз «Үздік жаңа банкнот» аталымы бойынша бірінші орынға ие болған. Онымен қоса, қазақстандық ақша − әлемдегі ең әдемі ақшалардың бірі.

 

САТТЫБАЕВА Еркенур Маратовна,

Абай атындағы РММИ

11 «Б» сынып оқушысы.

Алматы қаласы

Сурет: «В контакте, Бәрін білгім келеді»