Farabishakirti.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап, хабарлайды.

Ақмола облысында тұрғынның  жоғалған сөмкесін тауып берген оқушылар марапатталды.

24 қарашада Полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мұқашев Көкшетау қаласының № 2 мектеп-лицейінің 4 «ж» сынып оқушыларын өз атынан марапаттады. Бір күн бұрын мектеп оқушылары Сабина Әділбекова, Тамерлан Көшеров және Сұлуханым Мердаулет департаменттің фронт-офисіне келіп, ойын алаңында құжаттары, ақшалай қаражаттары мен зергерлік бұйымдары бар сөмке тапқанын хабарлады.

Ата-аналарымен кеңескеннен кейін мектеп оқушылары полицияға табылған затты әкеліп, осылайша құқық қорғау органдары иесінің жеке басын анықтады. Бір сағаттан кейін Көкшетау тұрғыны алғыс айтып, сөмкесін алып кетті. Айтуынша, ол сөмкесін 22 қарашада жоғалтқан және табылады деп үміттенбеген. Жас ақмолалықтардың бұл игі әрекеті полицейлер үшін назардан тыс қалмады. Осы сәтті балалармен бірге сыныптастары, құрдастары мен мұғалімдері бөлісті.

«Полиция департаментінің басшысы ретінде өскелең ұрпақтың патриотизм сезімі мен болып жатқан жағдайға бейжай қарамайтынын түсінгеніме қуаныштымын», – деді Нұрсұлтан Мұқашев оқушыларға.

Аймақтың бас полициясының айтуынша, бұл әрекет – балаларын тәрбиелеп отырған ата-аналар мен мұғалімдердің көмекке келуге дайын тұратынының айқын дәлелі.

Барлық жеке құрам атынан Н.Мұқашев сонымен қатар ата-аналар мен оқытушылар құрамына алғысын білдірді. Департамент бастығы балаларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *