? Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).
Жолдаған: автор Рысбек Жанерке
Мектеп өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі –Ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ). ҰБТ – тек білімді тексеріп қана қоймай, болашақ мамандық пен өмірлік бағытты таңдауға мүмкіндік беретін маңызды сынақ.
Мамандық таңдау кезінде тек ата-ана мен достардың кеңесіне сенбей, өз қызығушылығың мен қабілетіңді де ескеру қажет. Себебі мамандық болашақтағы жұмысыңа, табысыңа және өмір сүру сапаңа әсер етеді. Мамандықты ерте анықтасаң, оқуыңды мақсатты жоспарлап, уақытты тиімді пайдалана аласың.
Мысалы, инженер болғың келсе, математика мен физикаға көңіл бөлу керек. Ал дәрігер болғың келсе, биология мен химияға ерекше мән берген дұрыс. ҰБТ-да бейіндік пәндер мамандыққа байланысты таңдалады, сондықтан дұрыс таңдау болашаққа сенімді қадам болмақ.
Ең бастысы – мамандықты шын жүректен, өз қалауыңмен таңдау. Болашақта сүйіп жұмыс істейтін
мамандық адамға шабыт беріп, табысқа жетуге көмектеседі.
РЫСБЕК Жанерке,
«№44 жалпы орта білім беретін
мектеп гимназиясының»
11 – сынып оқушысы.
Жамбыл облысы, Меркі ауданы
