Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).
Жолдаған: автор Менгельс Арай
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Каспий теңізіндегі қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметші әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалармен (кейіннен) марапатталды. Оқиға кезінде өмірлеріне қауіп төнсе де, аман қалған үш сарбазға «Ерлігі үшін» медалі табысталды. (Мәлімет ашық дереккөздерінен алынды).
Мемелкет басшысы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде қапыда көз жұмған сарбаздардың оқиғасынан кейін еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғайтын сарбаздар өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Қорғаны министрлігін жаңадан тағайындады. Қызметіне жауапсыздық танытқан әскери қолбасшылардың орнына білікті, өз ісінің шебері әскери қызметкерлерді тағайындады.
Алдағы уақытта өткен кезеңдердегідей, оқу-жаттығу кезінде, әскери бөлімінде себебі анықталмаған сарбаздардың өлімі азаяды, тіпті болмайды деп сенеміз.
Бүгін әлеуметтік желіні ашқаным сол еді, Каспий толқынына сүңгіп, мерт болған сарбаздар туралы естеліктер жазылыпты. Бір ата-ана Отан алдындағы антына берік ұлынан қапыда айырылып қалғанын жаза келе, марқұм ұлының 40 күндік асын жариялапты. Аман қалған үш сарбаз туралы бейнебаяндар жүктеліпті. Жүрекжарды естеліктерін жай оқу мүмкін емес. Оқушы жасөспірім болсам да, еліміздің қорғаны, отбасының тірегі деп күткен, қоғамның айтулы азаматы – отбасын құратын жігіттер туралы тебірене естеліктерді оқыдым. Айтарға сөз жетпейді…
Бала жүрегіммен, Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде қапыда кеткен сарбаздар – ағаларымыз жайлы үн қатқым келіп, қолыма қалам алдым. Алдағы уақытта әскери бөлімдерде осы жайт қайталанбасын, әскерге ұлын үлкен үмітпен Отан қорғауға жіберген ата-ана қаралы хабар алмасын деп тілеймін. Оның орнына әр ата-ана еліміздің Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдерде «нағыз сарбазға лайық әскери міндетін абыроймен атқарды» деген Алғыс алсын, кеше кеткен сарбаздарымыз есейіп, оқу-жаттығу кезінде шынығып, шымырланып, батылданып отбасына, ауылына аман-есен оралсын деймін. Ана «балапаным» деп боздамасын.
Елімнің көкте желбіреген Көк Туы қаралы күнге төмен түсірілмесін.
Енді оқыған мәліметтерді жинақтай түйіндесем, 2026 жылдың 24 қыркүйегінде Маңғыстау облысында әскери-теңіз күштерінің жаттығуы барысында ауа райы күрт нашарлап, желдің күшею салдарынан 17 әскери қызметші теңізге кеткен. Үш адам құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.
Сол уақытта қайтыс болған азаматтарымыздың бәрінде «Елімді жаудан қорғаймын, ата-анамның мақтанышы боламын, үміттерін ақтаймын, отбасыма аман-есен ораламын», — деген бір ғана мақсат болды. Алайда, мақсаттарының, өкінішке орай, орындалмағанын қабылдау өте ауыр. Келеріне небәрі 10 күн қалған кезде өзін ата-анасының құшағында емес, қара суық жер қойнауында сезінгені мына жанға қатты батады…
Бүгінде, жүрегінде жастық жалын атқан 14 сарбаз аман-есен ауылына оралса, еліміздегі өндірісте, бизнесте, ауыл шаруашылығында еңбек ететін тепсе темір үзетін жастар болар еді…
Сарбаздары елімнің! Жарқын бейнелерің мен есімдерің мәңгі есте қалады.
МЕНГЕЛЬС Арай,
«Талғат Бигелдинов атындағы ЖББМ» КММ
11 – сынып оқушысы.
Бұхар Жырау ауданы, Қарағанды облысы
