Әлем чемпионы -Шымкенттік мектеп оқушысы
Қазақстан ұлттық құрамасының Әлем біріншілігіндегі үшінші алтын жүлдесі. ERNUR.KZ. Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында қаладағы № 52 мектеп-лицейінің 9 — сынып оқушысы Айсұлу Мұхит чемпион атанды. Байрақты бәсекеде 66 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған спортшы финалда румыниялық боксшыны 3:2 есебімен жеңіп, ел мерейін үстем етті.
Бұл — Қазақстан ұлттық құрамасының Әлем біріншілігіндегі үшінші алтын жүлдесі. Бокс, жүгіру, жеңіл атлетика үйірмелеріне белсене қатысатын үздік оқушы осыған дейін халықаралық жарыстардың жеңімпазы, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған.