«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Отбасым - бақыт мекенім

Менің аяулы анам

Менің анамның аты – Ибыраш Шұғыла, кәсіпкер. Ол – үш перзенттің ардақты анасы, отбасының берекесі мен тірегі. Біз үшін бар өмірін арнап, әр күніміздің жарқын болуы үшін аянбай еңбек етіп жүрген жан.

Анамның мейірімі шексіз. Ол әрдайым бізге қамқор болып, дұрыс жолды көрсетіп, жақсы адам болып өсуімізді қалайды. Қандай қиындық болса да, бәрін сабырмен қабылдап, бізге күш пен жігер береді. Оның жылы құшағы мен ақылға толы сөздері бізге әрдайым демеу болады.

Мен анамды өте қатты жақсы көремін және оны мақтан тұтамын. Оның маңдай тері мен төккен еңбегін ешнәрсемен өлшеу мүмкін емес. Біз үшін ұйқысыз түн өткізіп, қуанышымыз үшін бәріне дайын болатын жан – менің анам.

Анам – тек менің ғана емес, үш перзентінің де ең үлкен бақыты. Біз оның үмітін ақтап, әрдайым жүзіне күлкі сыйлауға тырысуымыз керек. Өйткені ана бақыты – бала бақытымен өлшенеді.

Анашым, сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, таусылмас бақыт тілеймін. Әрдайым күліп жүріңіз. Біз үшін жасаған барлық еңбегіңіз бен шексіз махаббатыңызға мың алғыс! Сіз – біздің өміріміздің шуағысыз.

АМАНТАЙ  Айман,

Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы,

«Бауыржан Момышұлы атындағы» КММ ОМ.

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

Сәйкес жаңалықтар

Менің ең қымбат әпкем