«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Отбасым - бақыт мекенім

Менің ең қымбат әпкем

Өмірде орны ешқашан толмайтын адамдар болады. Мен үшін сондай жан – менің әпкем Амантай Сандуғаш. Ол – «Kazsport» арнасының журналисті. Өз ісіне адал, еңбекқор, жүрегі мейірімге толы жан. Оның жетістіктерін көрген сайын әрдайым мақтанамын.

Мен оны жақсы көретінімді көп айта бермейтін шығармын. Бірақ ол менің өмірімдегі ең маңызды адамдардың бірі. Оның орны мен үшін ерекше. Ол әрдайым менің жүрегімде.

Оның ұлы Абылайхан да мен үшін жай ғана жиен емес. Ол маған туған бауырымдай жақын. Оны да шексіз жақсы көремін. Екеуінің амандығы мен бақыты мен үшін өте қымбат.

Өмірде кейде ренжісіп қаламыз, бір-бірімізді түсінбей жататын сәттер де болады. Бірақ қанша ұрыссақ та, менің оған деген құрметім мен махаббатым ешқашан өзгерген емес.

Оны ренжітіп алғаным үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Менің сөзім немесе ісім көңіліне тиген болса, мен оны әдейі жасаған жоқпын. Қатты өкінемін. Кейде адам ішіндегі сезімін жеткізе алмай қалады. Бірақ менің жүрегімде оған деген жақсы көру сезімі ешқашан азайған емес.

Ол мен үшін жай ғана әпке емес. Ол – өмірімдегі ең қымбат жандардың бірі, үлгі тұтатын адамым. Алла оған ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасысына амандық, жұмысына табыс пен береке нәсіп етсін.

Мен оны жақсы көретінімді көп айта бермейтін шығармын. Бірақ ол мұны әрқашан білсе екен деймін. Ол – менің өмірімдегі ең маңызды адам. Қанша ренжіссек те, мен оны ешқашан жоғалтқым келмейді және әрдайым жақсы көріп өтемін.

АМАНТАЙ  Айман,

Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы,

«Бауыржан Момышұлы атындағы» КММ ОМ.

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Менің аяулы анам