Сурет:https://dknews.kz/storage/news
Әне-міне дегенше 11-сыныпты бітіруге де таяу қалыппын. Алғаш рет әліппені оқып, мектеп табалдырығын аттағанда бітіру күнімді аңсайтынмын, бірақ дәл қазір мен уақыттың тоқтап қалғанын қалаймын. Үлкен өмірге қадам басу, жаңа ортамен танысу, балалық шағың байланған мектебіңнен ажырау — әр түлек үшін көзіне жас алатын уақыт. Үлкен өмірдің алғашқы парағы ашыла басталғанда сен мектептегі әр сәтіңмен қоштасып, «Балалық шақ» кітабын толық тәмәмдайсын.
Есейген сайын мектебін секілді жылы орта еш жерде болмайтынын түсінеді екенсің. Мектептегі сәттерді еске алсаң, көзіне еріксіз жас келеді, себебі бұл уақытты қайтара алмайтыныңды түсінесің. Сыныптастарыңмен бірге өткізген уақытың, мұғалімдеріңмен өткізген іс-шараң, тіпті асханадағы тағамдардың өзі саған қол бұлғап, «Сәт сапар» деп тұрғандай. Шынында, мектеп — әр баланы тәрбиелейтін ыстық ұя.
Қандай маман иесі болсын алғашқы тәрбиені мұғалімнен алған, себебі мұғалім — сенің екінші анаң. Мектеп мен үшін тек білім ошағы емес, тәрбие ортасы, ал сыныптастарым тәлім-тәрбие сатысындағы ең жақын серіктерім. 11 сыныптың соңғы айлары мен үшін қимастық сезімімен байланысты, себебі осыдан 11 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттап, әліппе оқыған қыз міне бүгін үлкен өмірге аттанбақшы. Негізінде мен үлкен өмірдің өзіне емес, үлкен өмірге әлі дайын емес
екендігімнен қорқақтаймын. Менің мектебім мені әрдайым мықты болуға жетелеген жәнн де мен өзім үшін емес өзімнің мектебім үшін де абырой сақтауым керек.
Қош бол менің сүйікті мектебім. Мектебіммен бірге қол ұстасқан балалық шағымнан да алшақтаған секілдімін…
СЕРИКБАЕВА Аяулым Арипжанқызы,
Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы
«Зият» мектебінің 11 сынып оқушысы.
