Қазіргі таңда жаһандану мен технология адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы бүкіл әлемді бір-бірімен тығыз байланыстырып, адамдардың өмір сүру салтын түбегейлі өзгертті. Бұрын бірнеше күн немесе ай қажет болған жұмыстар бүгінде бірнеше секунд ішінде орындалады. Бұл өзгерістер қоғамға үлкен мүмкіндік бергенімен, жаңа мәселелерді де қатар алып келді.
Жаһандану — мемлекеттердің экономика, мәдениет, білім және ақпарат арқылы өзара байланысының күшеюі. Бүгінде интернеттің арқасында адам әлемнің кез келген жаңалығын бір сәтте біле алады. Әлемнің әр түкпіріндегі адамдар бір-бірімен еркін сөйлесіп, тәжірибе алмасады. Бұл халықтардың дамуына, білім мен мәдениеттің таралуына оң әсер етеді.
Технологияның дамуы адам өмірін әлдеқайда жеңілдетті. Қазіргі кезде смартфон, компьютер және интернетсіз өмірді елестету қиын. Адамдар онлайн білім алып, қашықтан жұмыс істеп, түрлі қызметтерді үйден шықпай пайдалана алады. Әсіресе жасанды интеллекттің дамуы көптеген салаларға өзгеріс әкелуде. Медицинада ауруларды ерте анықтау, білім саласында жаңа оқыту жүйелері, өндірісте автоматтандырылған технологиялар қолданылып жатыр.
Artificial Intelligence — қазіргі заманның ең маңызды жетістіктерінің бірі. Ол адамдардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, уақытты үнемдеуге де көмектеседі. Кейбір сарапшылар болашақта жасанды интеллект көптеген мамандықтардың орнын алмастыруы мүмкін деп есептейді. Сондықтан бүгінгі жастар заман талабына сай білім алып, технологияны меңгеруі қажет.
Алайда технологияның кері әсері де бар. Адамдардың әлеуметтік желіге тәуелді болуы, уақытты тиімсіз өткізуі және тірі қарым-қатынастың азаюы — қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Сонымен қатар интернеттегі жалған ақпарат пен киберқауіпсіздік мәселесі де үлкен алаңдаушылық туғызады.
Жаһандану ұлттық мәдениетке де әсер етеді. Бір жағынан, халықтар бір-бірінің мәдениетімен танысып, тәжірибе алмасады. Екінші жағынан, кейбір ұлттық құндылықтар мен дәстүрлердің ұмытылу қаупі бар. Сондықтан әр халық өз мәдениетін сақтай отырып, заманауи дамуға бейімделуі тиіс.
«Болашақ — білімді жастардың қолында» — деген сөз бүгінгі қоғам үшін өте маңызды. Себебі технология дамыған заманда тек білімді әрі ізденімпаз адам ғана бәсекеге қабілетті бола алады.
Қорытындылай келе, жаһандану мен технология адамзат дамуының негізгі қозғаушы күшіне
айналды. Олар қоғамға жаңа мүмкіндіктер ашып, өмір сапасын жақсартуда. Дегенмен технологияны дұрыс пайдалану, ұлттық құндылықтарды сақтау және адамгершілікті жоғалтпау — әр адамның басты міндеті.
КЕРИМХАН Аружан,
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№198 мектеп-гимназиясының»
11 — сынып білім алушысы.
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым — сайтының Жас тілшісі
