Тарих көгіндегі жарық жұлдыз

Әбілхан Кастеев — қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған ұлы тұлға, халқымыздың, мақтанышы. Оның шығармашылығы ұлттық рух пен көркем енерді біріктірген ерекше құбылыс ретінде тарихымызда мәңгі орын алады. Тарихта ерекше орын алатын тұлғамыздың, міне, биыл 2024 жылдың 1 қаңтарында 120 жылдық мерейтойы болды. Әбілхан Қастеев — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.

Ол 1904 жылы Жетісу өңіріндегі Шежін ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Бала кезінен сурет салуға ерекше қызыққан. Бірақ сол саладан кәсіби білім алуға мүмкіндігі болмаған. Алайда туа бітті таланты мен еңбекқорлығының арқасында өз қабілетін дамытып, ұлттық сурет өнерінің биігіне көтерілді.

1930 жылдары Қастеев Ленинград қаласындағы Көркемсурет студиясында білім алған. Оның туындылары қазақ халқының тарихын және мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін, табиғатын бейнелеп салған. Қастеевтің әйгілі туындыларының бірі — “Түрксіб” суреті. Онда суретші елдің индустриялану кезеңін бейнелеген. Сонымен қатар, “Қыз Жібек”, “Амангелді сарбаздары”, “Ескі және жаңа тұрмыс” сияқты туындылары қазақ қоғамының тарихи және әлеуметтік бейнесін толықтай аша білді. Оның қылқаламынан туған Шоқан мен бала Абайдың сурттері де тарихи тұлғаларды басқа қырынан танытады. Әсіресе, Ш.Уәлихановтың жотада оытырп, кең далаға көз тастағаны ерекше әсер етеді. Бейне бір дарқан даланың ғажайыбына көзі тоймай, өмірге шексіз сүйіспеншілікпен қарап отырып, елінің, жұртының сол кездегі жағдайына алаңдағаны байқалады. Міне, Әбілхан атамыздың өнерінің даралығы да – осында! Ол жансыз картинаға жан бітіреді, ол суретті сөйлетеді.

Әбілхан Қастеевтің өнері қазақ мәдениеті мен тарихын бүкіл әлемге танытты. Ол тек суретші ғана емес, ұлт рухын сақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізген дара тұлға. Оның туындылары қазіргі таңда Қазақстанның көптеген музейлерінде сақтаулы. Алматы қаласындағы Мемлекеттік өнер мұражайы оның есімімен аталады.

Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы — табандылықтың, шынайы таланттың және ұлтқа деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Оның еңбектері арқылы біз өткенімізді танимыз, болашағымызға үмітпен қараймыз.

Әбілхан Қастеев – тарих көгінде өшпес мәңгілік жарық жұлдыз.

ТӨЛЕУХАНОВ Нұрдана,

ШҚО, Күршім ауданы,

«№3 Күршім гимназиясының» 11 — сынып оқушысы.

Сурет:https://baq.kz