Рухани жаңғыру адам жанын нұрландырады

Алматы облысы, Іле ауданының №39 гимназия оқушылары Фараби және Абайтанушы ғалымдар мен бірге «Farabi shakirti» шәкірті журналының шығармашылық ұжымымен Online сұхбат өткізді.

    Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған елімізге танымал ғалымдар және журнал ұжымымен кездесіп, тәрбиесін танытар «Сыр- сұхбат» кешімізге қош келдіңіздер.

Кеңге жайды ол қанатын.

Әбуіміз — әрі ғалым, әрі ақын,

Әбуіміз – біздің ұлы бабамыз

Әбу Насыр әл-Фараби болатын

– Өлең жолдары кім жайында?- деп қашықтан кездесуімізге қатысып отырған ағалармен таныстырайын.

Философия ғылымдарының докторы, фарабитанушы Жакыпбек Алтаев,М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қазақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі  Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыш ағалармызбүгін бізде қонақта. Сырлы сұхбатты кешімізге қош келдіңіздер!

Оқушыларға қос ғалым туралы қысқаша ақпарат айтылды. Жақыпбек Алтаев  аға қазақ философиясы, мәдениет тарихы мен теориясы мәселелерiн зерттеумен шұғылданады. 50-ден астам ғылыми мақалалары, 2 монография, 4 оқулық, бес оқу құралы жарық көрген. Студенттерге, магистранттар мен аспиранттарға «Философиялық антропология», «Құқық философиясы», «Әл-Фараби және қазақ халқының рухани мұралары», «Ислам философиясы», «Мәдениет тарихы мен теориясы» атты арнайы курстар жүргiзiп келедi. 1993 жылы Иран Ислам Республикасының Тегеран университетінде халықаралықғылымиконференцияғақатысып, баяндамажасады.  Жакыпбек Алтаев Философия ғылымдарының докторы, фарабитанушы.

Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақыш – М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қазақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі.
Республикалық баспасөзде алғаш рет 1972 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде «Қиянда» атты әңгімесімен көрінген. Оннан астам көркем әдебиет кітаптарының авторы. Балаларға арналған туындылары да бар: «Әбдіреден шыққан қылыш», «Киелі көлдің қарақшылары», «Бейуақта жанған от», т.б. «Жігер» фестивалінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі конкурсының жүлдегері, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері. Бірнеше бәйгелердің жүлдегері. Филология ғылымдарының кандидаты. Көркем шығармалары мектеп оқулықтарына енген. Халықаралық сыншылар ассоциациясының дипломанты. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі.
Кездесуде оқушылар ғалым ағаларына әл – Фараби бабамыз, Абай атамыз туралы сұрақтар қойып, жауабын қызыға тыңдады.

Жүргізуші: —Өзіңде арман, сырларым

Жүрекпен жазған жырларым!

Арқауы өлеңдерімнің

Қоңыр бел, қоңыр қырларым!-дей отырып, ««Farabi shakirti — Фараби шәкірті» журналының бас редакторы Жанастан Кучуковаға сөз кезегін берейік:

—Қадірлі оқырман! Мектеп мұғалімдері! Арнайы уақыт бөліп, кездесу ұйымдастырғандарыңызға рақмет. Журналымыз 2019 жылдың наурыз айында, өздерің айтып өткен қос ғұламаның құрметіне ашылды. Республиканың мектептеріне тарайды. Оқырман қатары өздерің сияқты зерек балалармен толығып келеді. Басылымның бағыты: «Фарабиден ғибрат алып, Абайды оқы!», — дей келе бас редактор журналдың айдарларына, атқарылып жатқан шаралары жайлы айтты. Жарияланған және алдағы нөмірлерде жарияланатын шығармаларға тоқталды.

Гимназия кітапхана меңгерушісі-Қалқанова Раушан Олжабулатқызы қашықтан кездесу туралы пікірімен бөлісті.

Жұлдыз ӘБІЛ