«Қайым Мұхамедханов – 110 жыл: Ұлт руханияты, ғылым және абайтану мәселелері»

2026 жылғы 26 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология факультеті ұйымдастыруымен «Қайым Мұхамедханов – 110 жыл: Ұлт руханияты, ғылым және абайтану мәселелері» атты халықаралық абайтанушылар симпозиумы және «Қайым Мұхамедханов атындағы Абайтану дәрісхананың» салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Халықаралық симпозиумның мақсаты – Қайым Мұхамедхановтың ғылыми мұрасын жаңаша пайымдау, оның ұлттық руханияттағы орнын айқындау және абайтану ғылымының өзекті мәселелерін талқылау болды.
Симпозиумды Филология институтының директоры, декан А.В. Танжарықова жүргізді. Университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры Болат Анапияұлы Тілеп құттықтау сөз сөйлеп, Қайым Мұхамедханов мұрасының ұлттық ғылым мен білім
кеңістігіндегі тарихи маңызын ерекше атап өтті. Ғылыми жиынға Қазақстан мен шетелдің белгілі ғалымдары қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады.
Атап айтқанда, М.О. Әуезов институты директоры, ҚР ҰҒА академигі Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов, Шәкәрім университеті Басқарма төрағасы – Ректоры Думан Рымғалиұлы Орынбеков құттықтау сөз сөйледі. Алматы қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы осы тарихи оқиғамен келіп, құттықтады.
Сонымен қатар, отандық және шетелдік ғалымдар – Руда Зайкенқызы — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, Бану Мұқатайқызы Нарбекова — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, Смағұлова Ақмарал Төлеуғазықызы — Шәкәрім университеті, «Абай және ұлттық руханият» ғылыми орталығының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, Семей қаласы Хусейн Қаһраман Мұтлұ — PhD, Афион Қожаттепе университетінің, профессоры, Түркия, Пралиева Гульзия Жайлауқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Шаңбай Қасенұлы Тұрдығұл «Шәкәрімтану» орталығының директоры, Роза Гафаровна Буканова — тарих ғылымдарының докторы, Башқұртстан, Бекбосынов Марат Нұрғазыұлы — абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты, Кимберли Крук — ағылшын филологиясының профессоры, Оразбаева Фаузия Шамсиқызы — педагогика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА
академигі, Дәулет Сейсенұлы – жазушы, Қайымның шәкірті, Жабалбай Шойынбет — филология ғылымдарының кандидаты, «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Берікжан Айтқұлұлы — педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Мухамадиев Дәурен – Абай атындағы ҚазҰПУ Филология ғылымдарының кандидаты, Қайым Мұхамедхановтың ғылыми еңбектері, абайтану мектебінің қалыптасуы және ұлттық әдебиеттану ғылымындағы орны туралы терең мазмұнды баяндамалар жасап, тың ғылыми тұжырымдар ұсынды.
Симпозиум барысында ғалымның өмір жолына арналған бейнеүзінді көрсетіліп, PhD докторы, Қайым Мұхамедханұлы атындағы Білім және мәдениет орталығының директоры Дина Қайымқызы Мұхамедхан естелік сөз сөйледі. Қайым Мұхамедханов атындағы Абайтану дәрісханасының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу барысында университет басшылығы мен зиялы қауым өкілдері жаңа дәрісхананың ашылуы – ұлттық руханиятты ұлықтау мен жас ұрпақты ғылыми-танымдық бағытта тәрбиелеудің маңызды қадамы екенін атап өтті. Қос шара аясында Қайым Мұхамедхановтың абайтану ғылымын дамытудағы тарихи рөлі, ұлттық әдебиеттану саласына қосқан өлшеусіз үлесі кеңінен талқыланып, ғылыми сабақтастық пен халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері көтерілді. Аталған игі бастамалар ұлттық ғылым мен руханият сабақтастығын айқындаған маңызды тарихи оқиға ретінде жоғары деңгейде өтті.

Dina Mukhamedkhanның facebook парақшасынан алынды.





