Бір дәуір кетті көшіп…

https://baq.kz/muhtar-shahanov
«Бірің үшін күрсінумен өтермін,
Бірің үшін сүйсінумен өтермін,
Сөйте-сөйте, мен де өмірден кетермін
Беттеріңнен жарылқасын,тәңірім…» — деп жырлап кеткен Мұхтар Шаханов атамыз да дүниеден озды.
Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті ақын, Қазақстанның Еңбек Ері, жазушы, драматург, қоғам қайраткерімен Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында қоштасты.
Бұл хабарды естігенде жаман болып қалдым. Асанәлі Әшімовтің дүниеден озғанын естіп қатты жылап едім. Кеше Мұхтар Шаханов қайтыс болды деген жазбаны көріп өз көзіме сене алмадым. Әрине өлім ол хақ. Дегенмен, біртуар, алып тұлғаларымыздың өмірден өтіп жатқаны қатты қынжылтады.
Мұхтар Шахановтың қазақ әдебиетінен алар орны ерекше. Оның шығармалары жас ұрпақты елге деген сүйіспеншілікті, адамгершілік пен әділдікті үйретеді. Осындай терең туындылары үшін оның шығармашылығын жоғары бағалаймыз.
Мұхтар Шахановтың қайсар мінезі, өршіл рухы, халқы үшін жасаған істері,табандылығы мен адалдығы жұрт жадында мәңгі сақталады.
Көтер, қане, басыңды, қалай бұның,
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?
Көтер, кәне, басыңды
Күніңді босқа өткізіп пе едің,
Тағдырың неге сыр айтты сараң?
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық деп кім айтты саған?
Мұхтар Шаханов(1942-2026)
СЕНБЕКҚЫЗЫ Зылиха,
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
«А.Бубенцов атындағы орта мектептің» 11-сынып оқушысы










