Рухани жандүниеңнің қазынасы

ТОҚАЕВ  Қасым-Жомарт  Кемелұлы,

Қазақстан Республикасының Президенті: 

«Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет

Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен,

жастарды кітап оқуға баулуымыз керек.

Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз».

(Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтынан алынды).

Елімізде Үкімет Қаулысымен  жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» бекітілді. Соған байланысты кітап сүйер қауымға Республикамыздың барлық аймақтарында көрмелер, шығармашылық байқаулар, кітап авторларымен кездесу, мектепішілік шаралар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, 23 сәуір  — ЮНЕСКО бастамасымен 1995 жылдан бері тойланатын әлемдік кітап сүйер қауым үшін ерекше күн, Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні.

Шынымды айтсам, мен кітапты оқығанды емес, көргенді ұнатамын. Қалай? деген сұрақ туындайды. Кітап желісімен жазылған тарихи кино-фильмдер менің қызығушылығымды арттырады, бірақ бұл дегеніміз менің мүлде кітап оқымағанымды көрсетпейді. Өзімді ақтау аясында алғаш рет оқыған «кітабым» туралы айтайын. Менің бір құрбым бар, есімі-Мерей. Кітап оқығанды жақсы көретіні соншалық, өзінің үйінде кішігірім кітапханасы бар. Күндердің бір күні құрбымның үйіне қонаққа барып, жиналған кітаптарының санын көріп таңқалдым.

Әр елдің  әдеби мұрасы осы бір сөрелерде сақтаулы десем, артық айтқандығым емес. Қызығушылық танытқан мен құрбыма кітапханасын таныстыруды сұрадым. Әр кітаптың мазмұнын баяндаған кезде менің санам кітапқа деген қызығушылық пайызын арта берді. Әр кітаптың авторы, оқиғасы туралы айтқан құрбымды таң қала тыңдадым. Сол әсермен  мен дүкеніне барып  аралап жүріп, ұнаған кітабымды сатып алдым.  Агата Кристи-дің «Десять негритят» атты кітабы.  Біртіндеп  оқи бастадым. Кітап детектив жанрында жазылғандықтан мен кітапты оқу барысында тіпті өз-өзімнен оқиғаның кейіпкері  сезініп қалғандай күй кештім. Бұл – кітаптың қасиеті деп білемін. Кітаптың ауысқан әр беті мен оқылған әр әріпі ерекше оқиғаны сипаттады. Күні — түні анау кітапқа сағыз секілді жабыстым да қалдым. Сонымен 240 беттік кітапты 2 күнде оқып, бітірдім. Бітіргенім былай тұрсын осы кітап желісіне байланысты киноны да көріп тастадым.

Кітапқа кіріп кеткенім соншалық, сол кітаптын буынан шыға алмай тағы дүкенге барып басқа шығарманы сатып алып оқыдым. Осылайша,  мен де өзімнің кітапханамды жинастыра бастадым, бірақ кітап әлеміне кіремін деп өз әлемім туралы мүлде ұмытып кетіппін. Әр кітапты талдап, оқудың өзі бір өнер екен шыны керек. Оқу жылы басталып, мектепте сабақ оқуға ден қойған соң, уақыттын жоқтығынан кітапқа деген махаббатымды шегеруге тура келді. Міне, менің алғашқы кітап оқуға деген қадамым осы.  Ұлттық кітап күніне қарай өткізілген шараларды, кітап сүйер оқушылардың жетістігін көріп қолыма қалам алып, мақала жаздым. Мақаламды жазамын деп тағы кітап оқуға құлшынысым үдеп кетті ме қалай? Енді мерекеге байланысты тағы кітап бастасам ба деп тұрмын. Ал сен қандай кітап оқыдың, оқырман?

СЕРИКБАЕВА  Аяулым  Арипжанқызы,

Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы

«Зият» мектебінің 11 сынып оқушысы.

Суретhttps://altyalash.kz/2025/04/23/23-s-uir-ltty-kitap-k-ni/