«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Мұғалім мәртебесі

Әрбір қателігім-жаңа мүмкіндігім

Сурет:https://static.ernur.kz/

Әрбір қателік, ол жаңа мүмкіндіктер есігі. Қателікті талдай отырып сен, өзіңнің кемшіліктеріңді біле аласың. Егер сонымен жұмыс жасасаң, кемшілігіңді артықшылыққа алмастыра аласың.

Қателіктен құлау оңай, ал қателіктен арылу ол-ерлік.

Қателіктер, адам өзін жаңа қырынан көрсету үшін, дамыту, өсу үшін келеді. Қатесі болмаған адам жоқ, қатесін жөндемеген адам қаншама мысалы. Қателік ол сынақ, ал әрбір сынақ артында үлкен бақыт келері анық. Қателік ол өзіңмен тың жұмыс жасау.

Бақытты жандардың артында, қаншама жұмыс, басынан өткен қаншама қателіктер, өткен сын мен сынақтар. Адам өз басынан көптеген сын, сынақ, қателіктерді өткере отырып тәжірбие жинап, келесі жұмысқа бұданда мұқият болары сөзсіз. Бір жерден шықпасаң да, бір жерді тесіп шығасың. Өмірде таңдау, мүмкіндіктер шексіз. Тағдырың өз қолыңда. Тік тұрып бақытты-бай боламын десеңде, ерініп түк істемеймін десеңде.

Алайда болашақта наныңды тегіннен тегін ешкім қолыңа әкеліп бермейді. Еңбек етіп, барлық сындардан өту, қиналу әрине оңай Есесіне, қартайған шағыңда, құрметті әрі сыйлы адам боларың сөзсіз. Қате үшін құлама, еңбек етіп жылама, сілекей ағызып ұйықтама, таң атар бір нансызда, жұқа бір матраста.

КЕЛЬДЫБАЕВА  Алуа Тулегенқызы,

Алматы облысы, Қарасай ауданы,

«Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің»

11 «Г»  снып оқушысы.

Шығармашылық жетекшісі: Сайын Аида Меңдібайқызы,

директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары

 

Сәйкес жаңалықтар

Ерлік! Аясында мыңдаған ердің есімі бар

farabi shakirti shakirti

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна құттықтады

Стали известны имена победителей II Республиканской олимпиады по общественно-гуманитарному направлению для учащихся сельских школ