«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Ойланбасаң, өміріңді ойрандайды

Құмар ойындар — бұл ақша немесе басқа құнды заттарды тәуекелге салып, нәтижесі кездейсоқтыққа негізделген ойындарға қатысу. Оларға казино, спортқа бәс тігу, лотереялар, онлайн ойындар, покер сияқты ойындар жатады. Бұл ойындардың бір бөлігі шындап бәс тігу болып саналса, тәуекел мен кездейсоқтыққа негізделген процесс ретінде қарастырылады

Жылына әлемдегі 46,2% ересек адамдар қандай да бір түрде құмар ойынға қатысқан (яғни кейбір ойын түрлерімен айналысқан) – бұл шамамен 2,3 миллиард адам дегенді білдіреді. Жаһандық зерттеулер бойынша 28% 18-64 жас аралығындағы адамдар соңғы жылы ойындарға қатысқан.

Әлем бойынша шамамен 1,2% ересек адамдар құмар ойындарға тәуелді немесе проблемалық ойынға ие. Одан басқа зерттеулер бойынша 15% ойыншылар немесе тәуекел тобындағылар үшін мүмкін проблемалық ойын белгілері бар.  Кейбір елдерде тәуелділік деңгейі 2,3% немесе одан жоғары болуы да мүмкін (мысалы Германиядағы зерттеуде).

Әлемдік деректерге сәйкес қатысушылардың ішінде ер адамдар үлесі құмар ойындарға 58%, әйелдер – 42%.

Құмар  ойын индустриясы қарқынды өсіп келеді. Көптеген сарапшылар бойынша дүниежүзілік құмар ойыннан түсетін табыс 2028 жылға қарай шамамен $700 млрд-қа жетуі мүмкін.

Азарт ойындар – тек ойын ғана емес, бұл жеке және қоғамдық денсаулыққа әсер ететін күрделі мәселе

САЙРАНБЕК   Мөлдір,

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы  Өскемен қаласы бойынша

білім бөлімінің  «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі 11-сынып оқушысы.

Курс   жетекшісі: Құдайберген Саяжан, журналист

Дереккөздері: 24.kz, informburo.kz, mtrk.kz;

ағылшыг тіліндеггі: sincecredit, gitnux жаңалықтары.

Сәйкес жаңалықтар

Газет:қоғамның айнасы және ақпараттың басты көзі

Арманым мақсатқа ұласты

Отбасы – адамның ең ыстық, мейірім мекені