«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Ұстаз

Ұстазыммен бірге шыққан нәтиже

Жуырда математика пәнінен   «Алтын түлек» атты жарысқа бардық.

10-11 сынып оқушыларының арасында мен де бармын. Көкейімде қобалжу мен сенімсіздік бар. «Барлық сайыстарда жүлделі орындармен қайттым, бұл жарыстан орын алмасам, сенімді ақтамай қоям» деген  үрей бойымды биледі. Жарыс болатын күні 24 лицейге бет алдық. Кірген бойда тіркелу бөліміне аяңдадық. Жарысқа қатысатын оқушылар ығы-жығы. Апыл-ғұпыл тексерушілер қимылы, есіктің ашылып жабылып жатқаны, оқушылардың арқа-жарқа күлкілері мен сөздері бәріміздің мысымызды басып тұр. Тіркелу кезегі бізге де жетті. Мектеп атынан он екі оқушы бардық. Барлығымыздың арманымыз бір – орын алып, мұғалімнің сенімін ақтау.  «Алтын түлек» сайысы бірнеше деңгейлік тапсырмалардан тұрды. Барлық тапсырмаларды орындап шығу уақытты тиімді пайдалануды талап етті. Кей тапсырмалар күрделі болғанымен, дайындығым көп көмек көрсетті. Әрбір тапсырма менің бойыма жаңа тәжірибелерді сіңірді.  Біз бұл сайысқа топпен дайындалдық. Біріміздің білмегенімізді біріміз түсіндіріп, қолдау көрсете білдік.

Біздің жетістігімізге еңбегін  сіңірген, білім нәрімен сусындатқан білікті де, білімді ұстазым — Құралов Ерлан Ақылбекұлы. Ағайымыз оқушыларға яғни, бізге сайысқа тыңғылықты дайындалуға көмектесіп, күрделі тапсырмаларды ұжыммен талқылауды  және әр мәселені жан-жақты қарастыруды үйретті. «Алтын түлек» интеллектуалды сайыста мектебіміздің абыройын көтеріп, барлығымыз жүлделі орындармен оралдық. Бұнымен қоймай, Ерлан Ақылбекұлының өзі де бізбен қатар дайындалып, осы оқу жылында «Адал ұстаз» атты  аудандық байқауда 1-ші орынды алып, қалалық кезеңге өтті. Бұл жетістік – ұстазымның кәсіби шеберлігінің, оқушыларға үлгі бола білген ұстаз екенінің айқын дәлелі.

«Алтын түлек» сайысында алған III орын  — мен үшін жай жүлде емес, тәжірибе әрі алдағы мақсаттарыма шабыт. Келесі жолы бұдан да жақсы нәтиже көрсетуді мақсат етемін.

НИЯЗБАЕВА  Шакира

                                                                         Алматы қаласы,

№58 ЖББМ 11-сынып оқушысы.

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

Сәйкес жаңалықтар

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы»

farabi shakirti shakirti

Размышления о том, каким должен быть современный учитель

Healty Takeway UK!

farabi shakirti shakirti