📸 Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).
Жолдаған: автор Менгельс Арай
«Махаббат» сөзіне әртүрлі сипаттама берілген. Көпшілік бұл сезімді сүйіспеншілік, төзімділік, мейірімділік пен адалдыққа теңейді. Бұл рас. Алайда махаббаттың жүректе көбелектерді оятатын ерекше қасиетімен қатар, адамды бір сәтте құлатып, өмірден түңілдіретін тұстары да аз емес.
Махаббат – адамзат тарихындағы ең көне әрі әлі күнге дейін толық зерттелмеген құбылыс. Ғасырлар бойы бұл тақырып ақындардың өлеңдеріне, жазушылардың шығармаларына және ғалымдардың зерттеулеріне арқау болды.
Абай Құнанбайұлы
«Махаббатсыз дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар».
«Махаббат артынан қуған адамнан қашады, өзінен қашқан адамды қуады».
Уильям Шекспир
«Адам өзінің алғашқы махаббатына үнемі қайтып оралады».
Шарль Этьен
«Сенімен бірге өмір сүре алмаймын, сенсіз де өмір сүруім қиын».
Марциал
«Бір күні көшеден ғашық бейбақты кездестірдім. Басына ескі қалпақ, үстіне жыртық пальто, аяғына алба-жұлба етік киген оның жүрегі жұлдыздай жанып тұрды».
Виктор Гюго
«Қай кез болсын, сен қоңырау шалған кезде саған ұшып баратын ұшағым да, билетім де, үстіме іле салатын киімім де дайын. Бір ғана кемшілігі – сенен хабар келмейді».
МЕНГЕЛЬС Арай,
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,
Гагарин ауылындағы
«Талғат Бигелдинов атындағы ЖББМ» КММ
11 – сынып оқушысы
Дереккөзі:
https://massaget.kz/15_sauir_2017/mahabbat-degen-ne-ulyilar-soyleyd-
