Қазақтың тұңғыш балеринасы — Нұрсұлу ТАПАЛОВА
24 жасында Қазақ ССР еңбек сіңірген әртісі атанған.
Нұрсұлу Елубайқызы Тапалова (13 қыркүйек 1923 жылы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында дүниеге келіп,13 қараша 1998 жылы бақилық болды).
Александров жетекшілігіндегі театр студиясында оқып жүрсе де, сахнадан сырт қалған жоқ. Кейін би падишасы Шараның рөлдерін Нұрсұлуға ғана сеніп тапсыратындай деңгейге жетті. Бидегі шеберлігі сонша Нұрсұлудың «Қыз Жібек», «Қалқаман-Мамыр» қойылымдарында Шараны алмастырғанын көрермен тіпті аңғармай да қалатын. 1938 жылға дейін кардобалет әртісі, кейін балет бишісі болған Нұрсұлу қайталанбас образдар жасап шығарды.