«Кітап – рухани байлық»

Әбіш КЕКІЛБАЕВ,

жазушы

                             «Мен кітапхананы ақыл — білім, адамгершілік ордасы деп    

                           білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті

                                                     сол асыл қазынаның сақшылары санаймын».

  Мен мектепте білім алып жүрген кезімнен — ақ  балалар, яғни оқушылармен бірге жұмыс істегендіжақсы көрдім. Тәуелсіз елдің кітапханашысы – алдымен өз елінің патриоты болуы тиіс. Отаны мен халқын шын жүректен сүйетін адам. Себебі, оқырманға егемендіктің бағасын сездіруге де, рухын оятуға да кітап керек. Ал, кітапханашы осы құнды дүниелердің жанашыры, жаршысы. Мен кітапханашы болғаным үшін, қаншама қазына – байлықтың ортасында қызмет еткенімемақтанамын. Кітап сүйер қауым арасында кітапты көп оқитын әріптестерімнің, оқушыларымның көбейіп келе жатқанына қуанамын.

   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 22.10.2020 жылы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Жобасы аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Еліміз бойынша жүргізіліп жатқан «Кітапханаға – кітап сыйла!» акциясы шын мәнінде, көпшілік біле бермейтін шығармаларға қайта өмір сыйлап, оқырманын табуына рухани көпір болып отыр. Кітапханаға кітап сыйлау арқылы, ең алдымен оқырмандарымыздың көркем әдебиетке деген құштарлығы артып, рухани қазынамен жандүниесі толыса түспек.

   Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 1 4 сынып оқушыларына үзіліс кезінде 20 минут дауыстап оқу сағаттары ұйымдастырылуда. Оқушыларға кітапты дауыстап оқығанда, сөздің дұрыс жазылуы мен айтылуын жадында сақтайды. Мазмұнын біледі. Сөз байлығының молайып, көркем сөйлеуге ұмтылады. Жобаның мақсаты: көркем әдебиетке деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқырмандарды машықтандыру, тәрбиелеу, кітап оқуға қызықтыра білуге үйрету, ұлттық тәрбиеге баулу болып табылады.

    Адам өміріндегі сан алуан тақырыпты қамтыған көркем шығарма – кітап ежелден келе жатқан таусылмас, көнермес қазыналардың бірі. Кітаптың тарихына үңілсек, небір таң қаларлық кітаптарды көреміз. Әбу Насыр әл – Фараби бабамыздың туған мекені Отырарда өз заманында қаншама құнды кітаптар болған. Шығыс ғұламасының естелігінде, Отырар қаласы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан, руханияттың орталығы болған. Заманының ғалымдары, ақын – жазушылары әрлі —берлі өткенде қаншама шығармаларды сыйға тартып кетеді екен. Бала Фараби сол кітаптарды алдымен қызықтап, кейіннен өзіне ұнағанын жата – жастана оқудан жалықпаған. Отырар қаласы күйрегенде, ең құнды кітаптарды жанашырлары жанып кетуге жол бермей, өзімен бірге алып кеткен. Қазір «Отырар» кітапханасы жаңа заман талабы сипатына ие.

   Бүгінде балалар мен жасөспірімдер жандүниесіне кітаптың қадірін, қымбат дүниенің бірі екенін айтып жеткізе білсек, олардың әрқайсысында кітапқа деген жанашырлылық сезім пайда болады. Ана тілін қастарлеп, құрмет тұтқан әр өрен болашақта елдің руханиятын сақтап қалатын шынайы патриот, ұлт азаматы болады деп сенеміз.

  Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің директоры  Мейманханов Мұратжан Құрманжанұлы да «Кітапханаға — кітап сыйла» акциясына қолдау көрсетіп,  бала тәрбиесіндегі ата ана, ата әже, ұстаз және қоғамның әсерін тереңірек түсінуге көмектесу мақсатында Елжас Ертайұлының  “Баланы тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле” атты кітабының 15 данасын мектеп кітапханасына сыйға тартты.

  Мектеп кітапханасы биыл жаңа 2022-2023 оқу жылына 174 дана көркем  әдебиеттермен толықтырылды. Бұл киелі орын оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен шұғылдануына көп ықпалын етеді. Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымызды ешқашан жоғалтмай, келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып сусындай берсін. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш — білім және білімді ұрпақ.

                           

КУРМАНБЕКОВА  Айжан Канлыевна,

                  Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Б.Момышұлы

                      атындағы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі