«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Жаңалықтар

«Ана, әже және мен» облыстық байқауы

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Ана, әже және мен» облыстық сырттай байқауы өтті. Оған өңірдің 11 ауданынан және 2 қаласынан 14 мектепке дейінгі ұйым қатысты.

Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты: қазақ халқының патриоттық, мәдени-тарихи дәстүрлеріне, этикасына баулу, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттері мен адамгершілік құндылықтарын дамытуға ықпал ету.

Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын – Жанар Гүлім 6 жаста, жауапты педагог: Жамшитова А.Б., Жақсы ауданы Жақсы ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы шағын орталық.

2 орын – Хамит Диана 5 жаста, жауапты педагог: Жуманова А.Р., Бурабай ауданы «Щучинск қаласының № 10 мектеп — интернаты» жанындағы «Шұғыла» шағын орталығы.

3 орын – Казбекова Аруай 5 жаста, жауапты педагог: Калжанова Е.А., Бощанова Г.Ж., Көкшетау қаласының «Zerek» бөбекжайы.

Құттықтаймыз!

                             Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

Сәйкес жаңалықтар

Алғаш рет ағылшын тілінде шешендік өнер байқауы өтті

Шарын ұлттық саябағында Sharyn визит-орталығы ашылды

Нұрлыбек Нәлібаев 2 жасар сәбиді құтқарған жасөспірімге пәтер кілтін табыстады

farabi shakirti shakirti