«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Технология

Әлем чемпионатында радиобайланыс бойынша үздік атанды

Қостанай қаласының №11 орта мектебінің радиобелсенді үйірмесінің тәрбиеленушілері: Азат Паризов, Стелла Бойко, Анастасия Иванова, Жанбике Сағадиева, Виолета Демченко, Юлия Ұлан және Анастасия Чиняева – радиобайланыс бойынша Халықаралық Чемпионаттың жеңімпаздары атанды. Оған әлемнің 100-ден астам елінен келген балалар қатысты. Балалар радиобайланыс сеанстарының ең көп санын анықтады.
«Эфирде жұмыс істей отырып, балалар әлемнің қалаларымен және елдерімен танысады, ағылшын тілін білуді дамыта отырып оны тереңдетеді, эфирде қарым – қатынас жасау дағдылары мен біліктілігін дамытады, радио таратқыш аппаратураның құрылысы мен жұмысын егжей-тегжейлі меңгереді, радиоаппаратураны жөндеу мен құрастыруда дағды мен біліктілікті игереді», — дейді жоба жетекшісі Анатолий Ефанов.
Әуесқой радио үйірмесінің 57 жыл ішінде ұжымдық радиостанция арқылы екі мыңнан астам оқушы өтті. Оның түлектері түрлі салаларда техникалық мамандықтар алды.

                              ҚР Оқу-Ағарту министрлігінің ресми сайты

Сәйкес жаңалықтар

ӨНДІРІС ҮШІН ҒЫЛЫМ: Жаңа технологиялар Қазақстандағы болат сапасын қалай жақсартады

Подкаст пайда әкеле ме?

 Даниил Филимонов робототехника бойынша «Beyond Robotics» тегін онлайн курсын іске қосты⠀