«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Мектеп - кемеңгерліктің бастауы

18-ге толмаған бала түнде қоқыс тастауға шыға ала ма?

Заңгер кеңесі:

Түнгі уақытта 18 жасқа толмаған баланың қоқыс тастау үшін көшеге шығуына бола ма? Мұны полиция қызметкерлері байқап қалса, шара қолдана ма?

Заңгер Венера Нұрғалиқызының айтуынша, балаңыз жалғыз өзі түнгі сағат 23:00-ден кейін қоқыстарды шығару үшін көшеге шықса, үй ауласындағы орындықта отырса, тіпті өзі тұрған үйден 5 метр қашықтықта орналасқан дүкенге барса, полиция қызметкері себебін анықтауға құқылы. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Мұндай кезде тәртіп сақшылары баланың заңды өкілімен жолығып, мән-жайды анықтауға тиіс. Баланың заңды өкілін табу мүмкін болмаса, онда полиция қызметкерлері кәмелет жасына толмаған баланы бөлімшеге алып кетуі  мүмкін. Ол жерде заңды өкілдерін анықтап, сол бөлімшеге шақырады. Заң талаптарына сәйкес  ескерту жасайды.

Мұндай жағдай бір жыл ішінде қайталанса, баланың заңды өкіліне 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Сондықтан баланың сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін заңды өкілінсіз көшеде жалғыз өзі жүруге болмайтынын ескеру керек.

                                                                                                     Zaron.kz

Сурет: pixabay

Сәйкес жаңалықтар

«Мамандықтың бәрі жақсы»

farabi shakirti shakirti

Мектеп – мейірім қайнары

Интернат — өмір мектебі