«Мен оқыған автор»

C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы, Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Мен оқыған автор» атты өлкелік ақын-жазушылардың шығармаларына арналған республикалық зерттеу жұмыстарының байқауын ұйымдастырып, қорытындысын өткізді.

Байқаудың мақсаты: Ақтөбе өңірінен шыққан ел мәдениеті, өнері, әдебиеті, тіл ғылымы, мақтанышына айналған қаламгерлердің есімін жас ұрпаққа үлгі ету, ұғындыру және шығармаларын насихаттау; Жастардың
шығармашылық ізденісін ұлғайта отырып, кітап оқуға тарту, сөз өнерін дамыту; Өлкелік ақын-жазушылар жөніндегі тың деректерді, зерттеу жұмыстарын, ғылыми тұрғыдан дәлелдеу.

Байқау қорытындысының шымылдығын Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледж студенті Орынбасар Ислам «Адай» күйімен ашса, Айзат Есенжолова пен Риза Еркешова өлкелік ақындардың өлең шумақтарын оқыды. Байқаудың әділқазы алқаларының қатарында филология магистрі, Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Төреханова Гүлжахан Маратқызы, ақын, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының қызметкері Балагүл Бакиева, ақын, жазушылар одағының мүшесі, Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасың директоры Калдина Гүлжайнар Нәренқызы болды. Байқауға қырыққа жуық жұмыс келіп түскен болатын. Соның ішінде іріктеліп алынған жұмыстар жүлделі орындарға ие болды.    Үшінші орын иегерлері: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылы, Белқопа жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Құдабаева Нұрсая Қырымқызы және Ф.Оңғарсынова атындағы No41 мектеп-гимназиясының 10 класс оқушысы Бейбарыс Зейнеш атанды.

Жүлделі екінші орынмен: Ф.Оңғарсынова атындағы № 41 орта мектеп-гимназиясының оқушысы Камшат Атапкел марапатталды. Бірінші орын: Ақтөбе қаласы No50 орта мектебінің 10 класс оқушысы Жанель
Қалиеваға бұйырса, бас жүлде иегері Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сарбие ауылы Сапақкөл орта мектебінің 10 класс оқушысы Әлия Амангелдіқызы атанды. Сонымен қатар ынталандыру сыйлықтары: Алға қаласы No4 Алға орта мектебінің 9 класс оқушысы Дильназ Бактыкерей мен Ақтөбе облысы Хромтау қаласы No1 Хромтау орта мектебінің 10 класс оқушысы Жанайым Сагиндыковаға табысталды. Жүлделі орындарға смарт сағаттары, планшет және ұялы телефондар табысталды. Жеңімпаз достарын құттықтап Құдабаева Нұрсая Қырымқызы «Отан» әнін тарту етті. Сондай-ақ кешімізді одан әрі Аяжан Жолдымұратова «Ақтөбе» әсем әнімен әрледі. Шара соңында кітапхананың инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Алтынгүл Асқарқызы келген қонақтарға, байқауға қатысқан қатысушыларға алғысын айтты.

Сонымен қатар Ақтөбе жоғарғы гуманитарлық колледжінің студенттері Нұрбек Әмірбек пен Мадияр Тілеміс «Туған ел» әнімен қорытындылады. Бойда бар талантты қысылмай, көпшілік алдында паш ету бұл да үлкен жеңіспен пара-пар десек те болады. Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Ақниет КӨШЕРБАЙҚЫЗЫ,

Сағи Жиенбаев облыстық жасөспірімдер
кітапханасының кітапханашысы.

Ақтөбе қаласы.