—Болашақта Месси, Роналдо, Мародона, Пеле, Сейілда Байшақов, Тимур Сегізбаев сияқты мықты футболшы болу, менің арманым, — дейді кішкентай футболшы, Талдықорған қаласындағы «Білім — инновация» лицейінің оқушысы А. Ханалы. —Ал, мақсатым – сабақта жақсы және өте жақсы деңгей көрсету.


Абдусамадтың ата – анасы бауырларымен Астана қаласына көшіп келгеннен кейін де «Derby» футбол командасында жаттықты. Футболға бар ықыласын аударып, командалық жарыстарда үздік ойын көрсеткені үшін команданың бас бапкері М.Абдыхамидовтан мақтау қағазын алды. Астана қаласындағы жасөспірімдерге арналған «Астана жастар футбол командасына» қабылданды. Атбасар, Қарағанды қалаларында ұлдар арасында футболдан өткен жарыстарда жүлделі орынға ие болды.