Археология
Археология — тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгіке зеңдерін зерттейтін саласы.
Басты зертте унысаны алғашқы қауымнан, ерте заман мен орта ғасырлардан қалған материалдық ескерткіштер: еңбек құралдары, қару-жарақтүрлері, мекен-жай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-ішізаттары, зираттар, обалар, т.б. Бұл заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Олар топыраққа көміліп, жер астында қалып, қалалар мен бекіністердің қираған орындарын да бірнеше қабаттардан тұратын төбелер пайда болады. Мұндай қатпарлар археология да мәдени қабаттар деп аталады. Қазақстан жеріндегі ең үлкен қала болып есептелетін Отырардың мәдени қабатының биіктігі 18 м. Кейбір обалар дың биіктігі 20 м-ге, аумағы 100 м2-ге дейін жетеді. Қазба жұмыстары кезінде табылған материалдық деректерге ғылыми түсініктеме беру үшін археологияда антропология, этнология, геология, ботаника, зоология, палеонтология, физика, химия, топырақ тану ғылымдарының зерттеу әдістері кеңінен пайдаланылады.
Археология (олгректің archaіos – ескі, logos – ғылым деген сөздерінің қосылуынан шыққан) термині біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасыр да көне заманды зерттейтін ғылым ретінде (Платон) қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілді. 15 – 16 ғасырларда Италияда ежелгі сәуле төнерінің мұраларын іздеуге, 18 – 19 ғасырларда Қос өзен бойында көне мәдени мұраларды зерттеуге бағытталған қазба жұмыстары жүзеге асырылды. 19 ғасырдың 1-жартысында Ресейде Қара теңіз жағалауындағы көне грек қалаларының қалдықтары мен скиф обаларын жүйелі түрде зерттеу басталды. Қазақстан мен Орта Азияда археологиялық зерттеулер 19 ғасырдың 70-жылдарында бастау алды және олар Василий Радлов, Николай Веселовский, Петр Лерх, Василий Бартольд есімдерімен байланысты. 1920 – 30 ж. Әлкей Марғұлан, Сергей Руденко, Александр Бернштам, т. б. басқарған экспедициялар Қазақстан жерін де күрделі археологиялық барлау, қазба жұмыстарын жүргізді.
946 ж. Қазақстан Ғылым академиясының құрамында Тарих, археологиялық және этнографиялық институты, ал 1991 ж. археология бөлімі негізін де жеке Археология институты (1973 жылдан археология мұражайы жұмыс істеді) құрылды. Ол республикадағы археологиялық зерттеулердің орталығына айналды. Орталық Қазақстанда қол адәуіріне жататын Беғазы, Ұлытау, Беласар зираттары, Атасу, Бұғылы, т.б. қоныстар зерттелді. Жетісуда Бесшатыр, Кеген маңында табылған обаларсақ-скиф мәдение тіжөнінде көп теген мағлұматтар берді және олардың Алтай мен Днепр бойында кездескен скиф обалары мен «туыстас» екендігі дәлелденді. Оңтүстік Қазақстанда палеолит қоныстарытың ғылықты зерттеліп, оның Андронов мәдениетінің негізгі аймақтарының бірі болғандығына ғылыми тұжырым жасалды. Солтүстік Қазақстанның қол адәуірінің хронологиялық классификациясы жасалды. 1970 жылдан Қазақстан мен Орта Азияның мәдени орталықтарының бірі болған Отырарал қабының ескерткіштерін зерттеу қолға алынды. Шығыс Қазақстандағы Шелекті сақ обаларындағы, Жетісудағы Есікқорғанында, қала мәдениеті жөнінде мол мағлұм ат берген Отырар мен Құйрық төбеде жүргізілген қазба жұмыстары қазақ халқының көнеж әне орта ғасыр кезіндегі тарихы, тайпалар мен ұлыстардың материалдық мәдениетінің сабақтастығы жөнінде дәйекті ғылыми тұжырымдар жасауға негіз қалады.