Қасым — Жомарт Тоқаев қандай кітаптар оқиды

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Желіде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқыған кітаптардың тізімі пайда болды. Топтаманы президент телерадиокешені Telegram — дағы ресми каналында жариялады.

Президент оқыған кітаптардың қатарында төмендегі шығармалар бар: «Құтты білік», Жүсіп Баласағұни, «Құнанбай», Ерлан Сыдықов, «Future Industries», Алек Росс, » Неизбежно: 12 технологических трендов, которые определяют наше будущее», Кевин Келли.

Айта кетейік, мемлекет басшысы, қазақ әдебиетінен бөлек, әлем классиктерінің шығармаларын да көп оқиды. Қасым — Жомарт Тоқаевтың айтуынша, кітап оқу – рухани кемелденудің кепілі. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін президент карантин кезінде оқыған кітаптар мен газеттердің тізімін жариялаған болатынбыз.

 

Автор: Сәке Қанатұлы