Сурет: ЖИ, жолдаған автор
Өмірде мінсіз адам жоқ, бірақ мен үшін бар — ол менің әкем. Менің басты үлгі тұтатын тұлғам ол менің сүйікті әкем. Дәл қазіргі таңда әкемнің дәрігер болып, науқастарға көмектесіп жүргеніне 35жыл болды. Осы жылдар аралығында өз жұмысын махаббатпен атқарып, адамдарға көмек көрсетуді басты міндетім деп санап келеді. Ұйықтамай адам жанымна араша түсіп, өзі шаршап келседе, ешқашан қабағын шытпайды. Әкемнің сабырлығын көрген сайын, өзіміздің шыдамсыз мінезімге әлі де өзгеріс керек екендігіне көзім жетеді.
2020 жылы біз үшін ауыр дерт жылдарында, әкем еліміздің адамдарының саулығы үшін айлап үйге қонбай, жұмыста қауіпті ауруларды емдеп жүрді. Қаншама жанды қалай құтқарып қалғандығын айтқанда, ең үздік, еңбекқор әке менде екендігімен іштей мақтанатынмын!
Ал отбасымызға келер болсақ. Менің асқартау әкемнің ең кенже ерке қызымын. Күні бойы үзіліссіз жұмыстан келседе, кішкентай кезімнен бастап, мәнсіз ұзақ әңгімелерімді соңына дейін бөлмей тыңдайды. Сол кездерде анам күліп, онсызда шаршап келген әкеннің басын одан қатты ауырттын ғой, деп әзілдеп жатады.
Әкемнің арқасында мен білімге құштар болып, сол жанның тәрбиесімен қазіргі таңда жүзге жуық кітап оқып, түрлі жарыстарда жеңімпаз атандым. Көптеген таныстарым менің әкем секілді дәрігер болуымды армандады. Әкемде түрлі ғылыми жобаларға, жарыстарға қатыстыру үшін барын берді. Алайда менің болмысым мүлдем өзгеше екендігіне көзім жетті.
Әкеме мен дәрігер емес журналист болғым келеді дегенде, маған «Сен кім болсан да, мен сені қолдаймын қызым» — деген сөзі әлемнің жеті кереметінен де асып түсті. Осындай алтын қолдаулардан кейін, менде дәрігер болмасам да, халқыма әкем секілді адал қызмет еткен журналист боламын деп уәде беремін. Осы уақытқа дейін түсінгенім, тағдырдың маған берген ең үлкен сыйлығы — ол менің әкем!
КҮНТУҒАН Сүйрік Рысханқызы,
Шымкент қаласы,
«Д.А.Қонаев» мектебінің 11 «А» сынып оқушысы.
Республикалық «Farabi shakirti» журналы мен
www.farabishakirti.kz желілік басылым
сайтының Жас тілшісі
