Автор:  Агата Мухамеджанова

Фото: shutterstock.com

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Он бес әлеуетті қазақстандық стартапшы АҚШ-қа оқуға кетті. Олардың ішінде «Террикон алқабы» Қарағанды IT хабының төрт түлегі бар, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Стартаптар «Кремний алқабында» қарқынды акселерация бағдарламасынан өтеді. Бұл оларға өз жобаларын халықаралық нарыққа шығаруға мүмкіндік береді.

«Smartestprep және Alaqan жобаларының командалары Scalerator-дан өтті, онда «Террикон алқабы» оператор болды және тікелей қатысты. Ал, Space Lab және Мed365 жобалары – біздің акселератордың финалистері. Қатысушылардың әрқайсысы берілген мүмкіндікке лайық. Біз жігіттерді мақтан тұтамыз, оларға осы істерінде сәттілік тілейміз және олардың үлкен жетістіктерге жететініне сенеміз», — делінген «Террикон алқабы» Instagram парақшасында.

Alaqan жобасы – алақанның тамырларын тануға арналған биометриялық жүйе.

Smartestprep – колледжде кеңес беру мен емтиханға дайындалуға арналған жеке платформа, ол түлектерге бағыты мен қалауларына негізделген университеттер мен бағдарламаларды ұсынады.

Med365 медициналық тексерудің автоматтандырылған жүйесі медициналық тексеруді автоматтандыруға және цифрландыруға бағытталған, бұл оның сапасы мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Aл, NEO (Space lab) 3D технологиясын қолдана отырып, шет тілдерін оқытудың анимациялық форматын ұсынады.

АҚШ-та оқыту Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасы, сондай-ақ Astana Hub-тың Draper University-мен ынтымақтастығы арқасында мүмкін болды.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *