Түркістандық Нұрислам Сұлтанхан – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Сербияның Врнячка-Баня қаласында мектеп оқушылары арасында өткен әлем чемпионатында түркістандық жас шахматшы Нұрислам Сұлтанхан керемет нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Турнирге 44 елден 470 қатысушы қатысып, 17 жасқа дейінгі алты жас санатында жүлделер сарапқа салынды, — деп хабарлайды farabishakirti.kz  https://www.gov.kz turkestan-kalasy/press/news сайтына сілтеме жасап.

Чемпионаттың ашылуына Қазақстанның Сербиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мади Бакирұлы Атамқұлов қатысып, отандастарымызға қолдау көрсетті.
Нұрислам Сұлтанхан – Түркістан қалалық «Балалар және жасөспірімдер спорт клубының» тәрбиеленушісі. Ол классикалық шахматта 7 турдан кейін көш бастап, 9 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпай жинап, жүлделі екінші орынды иеленді. Бұл – оның халықаралық аренадағы үлкен жетістіктерінің бірі.
Жас шахматшының бұл табысында бапкері Қуанышбек Джумадуллаевтың еңбегі зор. Сонымен қатар, Нұрисламның ата-анасының қолдауы мен сенімі оның жеңісіне үлкен үлес қосты.
Нұрисламның бұл жетістігі – еліміздің шахмат спортының дамуына қосылған маңызды үлес. Оның табандылығы мен таланты жас өрендерге үлгі болары сөзсіз.
Жарайсың, Нұрислам! Жеңісті күндерің көп болсын!