Хан апаға арнау

Қанипа Омарғалиқызы Бітібаевадаңқты мұғалім. КСРО және Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақстан Ұлттық Педагогикағылымдары академиясының құрметті академигі, профессор. Қазақстан  Білім Беру ісінің «Құрметті қызметкері» .

Қанипаға жас ақындар табынады,

Қанипаның жырыменен ах ұрады.

Мұхтардың сыр шертетін нәзік досы,

Хан апа-ау, бір жырлашы, тағы, тағы.

*«Қанипа» деп биік тау әуелеткен,

«Хан апа» деп бір өзім де әуен еткем.

Қанипа жалғыз емес серігі өлең,

Өлеңменен аспанға жетелетем.

*Хан апа, көремісің, сеземісің,

Болашаққа бір үміт берермісің?

Сені аңсап сағынған шәкіртіңе,

Өсиет-ақыл айтып берермісің?

*Өзіңді бар қазаққа үлгі етесің,

Шабытпенен өмірге үйретесің.

Сағым сынған шаршаған адам болса,

Биікке қалай оны сүйретесің?

*Құдірет бар бір жойқын өлеңімде,

Тамсанамын мен өзіңді көремін де.

Сіздей ғажап бұл өмірде болды ғой деп,

Таңқаламын бейнеңізді көремін де.

*Жырлайсың Абайым мен Мұхтарымды,

Өмірдегі адалдықты ұлылықты.

Қанипадай дана бар деп мақтанамын,

Мақтанамын, бар әлемге жар саламын.

*Табиғатпен тілдескен алып тұлға,

Шығып көрген Абайдай алып шыңға.

Хан ападай жан боп па бұл өмірде,

Даналығы паш етілген дүйім жұртқа?

 

 

ТӨЛЕУХАНОВА Нұрдана,

Шығыс Қазақстан облысы,Күршім ауданы,

«№3 Күршім гимназиясының»

11 «Б»-сынып оқушысы.

Сурет: https://adebiportal.kz