Наурыз нақыштары жаңа форматта

Сурет Akorda.kz сайтынан алынған

Наурыз – көктеммен бірге келетін ерекше мереке. Бұл күн табиғаттың жаңарып, адамдардың бір-біріне жақсылық тілейтін уақыты. Қазақ халқы үшін Наурыз – тек мереке емес, татулық пен бірліктің белгісі. Қазіргі заманда бұл мейрам жаңа сипат алып, қоғам өмірінде бұрынғыдан да маңызды орынға ие болып отыр.

Наурыз мерекесі тарихы терең дәстүрлердің бірі. Кеңес дәуірінде бұл мейрам ұзақ уақыт ресми түрде атап өтілмей келді. Алайда 1988 жылдан бастап Қазақстанда Наурызды қайта тойлау дәстүрі жанданды. Кейіннен бұл мереке мемлекеттік деңгейде атап өтіліп, 21–23 наурыз аралығында демалыс күндері болып бекітілді. Бұл – ұлттық дәстүрдің сақталып, қайта жаңғырғанының нақты дәлелі.

Наурыздың маңыздылығы халықаралық деңгейде де мойындалды. 2009 жылы ЮНЕСКО Наурыз мерекесін адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізді. Ал 2010 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 21 наурызды Халықаралық Наурыз күні деп жариялады. Бұл шешім Наурыздың тек бір халықтың емес, көптеген елдердің ортақ мәдени мерекесіне айналғанын көрсетеді.

Қазіргі заманда Наурыз жаңа форматта тойланып жүр. Мысалы, Астана, Алматы сияқты ірі қалаларда этноауылдар құрылып, ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Көкпар, алтыбақан, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі сияқты шаралар халыққа ерекше көңіл-күй сыйлайды. Сонымен қатар жастар әлеуметтік желілерде ұлттық дәстүрлерді насихаттап, Наурыз туралы бейнероликтер мен фотожобалар жариялап жүр. Бұл – дәстүр мен заманауи технологияның үйлескенінің нақты мысалы.

Қорыта айтқанда, қазіргі заман Наурызы – өткен дәстүр мен бүгінгі жаңашылдықтың үйлесімі. Ол халықтың мәдениетін сақтап қана қоймай, қоғамды жақындастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қызмет етеді. Сондықтан Наурыз – тек көктем мерекесі емес, халықтың рухани жаңару ын білдіретін ерекше күн.

ТАҢАТАР  Нұрайна,

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,

«Абай атындағы жалпы орта мектебінің» 10-сынып оқушысы

Жетекшісі: Айдана Әділханқызы,

Қазақ тілі мен әдебеиеті пәндерінің мұғалімі.