Жас чемпиондар – мектеп мақтанышы

(Бокстан 2012 жылы туған жасөспірім қыздар арасында өткнг Қазақстан чемпионатында түсірілген фотосурет)
Шымкент қаласындағы ЖШС « Қазыбек» ЖББМ оқушылары біліммен қатар спорт саласында да жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Жас спортшылар түрлі жарыстарда топ жарып, мектеп абыройын асқақтатып жүр. Солардың қатарында бокстан және таеквондодан жетістікке жеткен оқушылар бар.
8 «В» сынып оқушысы Абдихан Ардақ бокстан 2012 жылы туған кіші жасөспірім қыздар арасында өткен Қазақстан чемпионаты (бокс) жарысында І орын иеленіп, үлкен жетістікке қол жеткізді. Ол спортпен айналысып жүргеніне бір жылдан асқанын айтып, ой бөліскен Ардақ:
–«Спортпен айналысып жатқаныма бір жылдан асты. Осы жетістікке жету үшін бар мүмкіндігімді салып дайындалдым, жеңіске жетуге ұмтылдым. Біреулер сенді, біреулер сенбеді. Тіпті кейде ата-анам да спортқа қатыспа деп айтқан кездері болды. Бірақ ең бастысы – өзіңе сену және жаттығуды үзбеу. Бокс – аса қауіпті спорт түрі, сондықтан ең бастысы – абай болу және өзіңді қорғай білу. Бұл спорт адамды тәртіпке үйретеді», – деп мақсатқа жету
үшін табандылық, еңбекқорлық пен шыдамлылық қажет екенін айтты.
(Taekwondo Asia Cup жарысында түсірілген фотосурет)
Ал 9«Б» сынып оқушысы Жаңабай Ернұр ITF Taekwondo спорт түрімен алты жылдан бері айналысып келеді. Ол Таеквондодан республикалық чемпионат жарысында І орын алып, мектеп намысын қорғады. Сонымен қатар Ернұр 2025 жылы өткен Taekwondo Asia Cup жарысының чемпионы атанып, халықаралық деңгейде үлкен жетістікке жетті.
«Мен таеквондо ITF спорт түрімен айналысамын. Спортпен айналысқаныма 6 жыл болды. Спорт маған тынымсыз еңбек етуді, мақсат қойып, сол мақсатқа жетуді үйретті. Барша жастарды спортпен айналысуға шақырамын. Себебі спорт – денсаулық кепілі», – дейді жас чемпион Ернұр.
ЖШС – не қарасты «Қазыбек» жалпы білім беретін мектеп оқушылары осындай жетістіктері арқылы өз қатарластарына үлгі болып, салауатты өмір салтын насихаттап жүр. Жас спортшылардың жеңістері – мектеп үшін де, қала
үшін де үлкен мақтаныш. Болашақта олар бұдан да биік белестерді бағындырады деген сенім мол.
Мадина ҚАНАТҚЫЗЫ
Шымкент қаласы,
ЖШС«Қазыбек» жббм-нің 11«А» сынып оқушысы





