«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Қазақ баспасөзінің даму тарихы

Сурет:https://e-history.kz/

Баспасөз — газеттер, журналдар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары. Халыққа журнал, газет шығаруға біраз уақыт рұқсат етілмеді. ХХ ғасырдың басында, нақты айтқанда, 1905 жылы баспасөз бостандығына қол жеткіздік. Қазақ баспасөз тарихының бастауы XIX ғасырдың екінші жартысында 1870-1888 жылдары Ташкентте шыққан «Түркістан Уәлаяты» газетінен бастау алады. Одан кейін 1888-1902 жылы Омбы қаласында  «Дала Уәлаяты» — шығарылып тұрды. Екі басылым да патша үкіметінің жергілікті басқару органдары арқылы басылып, тарады. Бұл газет 2 тілде қазақ-өзбек тілінде, араб харпімен жазылған.

1905 жылы Баспасөз бостандығы жарияланғаннан кейін, халық өз газет, журналдарын шығара алатындай құқыққа ие болды. Бірақ цензура сақталды. Тыйым салынған тақырыптар: діни және ұлттық мәселелер; саясат жайлы және тағы басқа.

1907 жылы Санкт-Петербургте М.Дулатұлының  бастамасы бойынша «Серке» газеті жарық көрді. Ол алғашында «Ульфат» атты татар газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрды. Қаржылай көмек берген Ш.Қосшығұлұлы еді.

Негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлы қалаған «Қазақ» газеті — 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында шығарылып тұрды.

Ақын, жазушы, журналист, публицист, қазақ журналистикасының атасы Мұхамеджан Сералин «Айқап» журналын 1911-1915 жылдары Орынбор губерниясының, Троицк қаласында шығарды. Редакторлық М.Сералин өзі атқарды.

1913 жылдың 2 ақпанынан бастап халыққа жол тартқан «Қазақ» газеті 1918 жылға дейін 266 саны шығып үлгеріпті. Халықтың көзі, құлағы һәм тіліне айналған «Қазақ» газетіне биыл 113 жыл толды.

«Қазақ» газеті – Алаштың ұлттық мінбері. Авторы Еркін Рахметуллин

Балаларға арналған «Балапан» журналы 1914-1918 жылы Омбы қаласында шықты. Басшысы алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист. Қошке (Қошмұхамбет) Дүйсебайұлы Кемеңгеров еді.

«Абай» журналы 1918 жылы Семейде алғашқы редакторы Жүсіпбек Аймауытовтың басшылығымен жарыққа шықты. Журналдың жариялануына заңғар жазушы Мұхтар Әуезов белсенділік танытты. 11-ші саны жарық көргеннен кейін журнал өз жұмысын тоқтатты.

Қазақ баспасөзінің тұңғышы «Түркістан Уәлаяты» газетінің шыққанына Баспасөз қоғамда маңызды рөл атқарады. Ол кезде қазақ зиялылары газет пен журналдарға мақалалар жариялай отырып, қазақ халқының сана-сезімін оятуға тырысты. Көбінесе жер, әйел тағдыры және оқу-ағарту ісі жөніндегі өзекті мәселелер қозғалатын. ХХ ғасырда журнал, газеттер тек ақпараттың қайнар көзі ғана емес, ұлтты жаңғыртушы күші еді.

     САДЫРБЕКОВА  Райхан,

Ақмола облысы, Көкшетау қаласының

№21 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы

                *Мақалаға мәліметтер ашық дереккөздерінен алынды.

Сәйкес жаңалықтар

Көңілге қарау

Жаһанданудың әсері: Ұлттық құндылықтар мен дәстүрге қауіп төндіре ме?

Қазақстанда қанша архив пен архивші бар