Мектеп қабырғасында өткен әр күнім мен үшін жай ғана күндер тізбегі емес, жүрегімде сақталатын қымбат естеліктер. Сол естеліктердің ең жарқын бөлігі – менің құрбыларым: Алия, Алтынай, Талшын, Жансая.
Біз бесеуміз мінезіміз, ойымыз, тіпті өмірге деген көзқарасымыз әртүрлі болса да, бір-бірімізді ерекше жақсы көреміз. Біріміз сабырлы, біріміз көңілді, біріміз ашық, біріміз ойланып сөйлейтін жанбыз. Бірақ дәл осы айырмашылық бізді алыстатпайды, керісінше, бізді нағыз жақын достар етеді.
Біз екі түрлі мектепте, әртүрлі сыныптарда оқысақ та, соған қарамастан бір-бірімізбен өте жақын араласамыз.Соған қарамастан, бір-бірімізді күнде іздеп, кездесіп, бірге күліп, бірге сырласатын сәттеріміз көп. Біз үшін ең қарапайым әңгімелердің өзі ерекше естелікке айналады. Кейде жай ғана бірге жүргеннің өзі бақыт сияқты сезіледі.
Мен оларды шын жүректен, өте қатты жақсы көремін. Бұл жай ғана сөз емес, бұл менің ішкі сезімім. Алия, Алтынай, Талшын, Жансая – сендер мен үшін өте қымбат жандарсыңдар. Сендермен бірге өткізген әр сәтім жүрегімде сақталады.
Біз осы жылы мектеп бітіреміз. Әрқайсымыздың алдымызда жаңа өмір, жаңа арман, жаңа жол тұр. Бірақ мен бір нәрсеге сенімдімін: қанша уақыт өтсе де, қанша жерге кетсек те, біздің достығымыз ұмытылмайды. Мен сендерді сағынамын. Өте қатты сағынамын. Мектептегі сол күндер, бірге жүрген сәттер, күлкілеріміз – бәрі менің жүрегімде мәңгі қалады.
Мен сендерді ешқашан ұмытпаймын. Қайда болсам да, қандай өмір сүрсем де, сендер менің ең жылы естелігім болып қала бересіңдер. Сендер менің жастық шағымның ең әдемі бөлігісіңдер.
Алия, Алтынай, Талшын, Жансая – сендер әрдайым менің жүрегімдесіңдер. ❤️
(Осы мақала Айманнан Алия, Алтынай, Талшын, Жансаяға естелік болып қалсын. 03.05.2026 жыл)
АМАНТАЙ Айман,
Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы,
Бауыржан Момышұлы атындағы КММ ОМ
11 «Б» сынып оқушысы
