«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Тұлға

Мұхтар Әуезов шығармаларындағы адам рухының биіктігі

Сурет:https://abai.kz/

Қазіргі қоғамда рухани құндылықтардың маңызы бұрынғыдан да арта түсті. Өмір қарқыны үдеген сайын адамның ішкі әлеміне, адамгершілік болмысына деген сұраныс күшейеді. Рухани байлық – адамды адастырмайтын бағдаршам, ізгілік пен әділетке бастайтын күш. Сондықтан әдебиеттегі басты мақсаттардың бірі – адам жанының тереңдігін, рухының асқақтығын көрсету. Қазақ әдебиетінде бұл тақырыпты биік көркемдік деңгейде көтерген қаламгерлердің бірі – Мұхтар Әуезов.

Мұхтар Омарханұлының шығармалары тек көркем туынды ғана емес, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін, дүниетанымын танытатын үлкен мұра. Жазушы адам табиғатының күрделілігін, жан дүниесіндегі қайшылықтар мен ізденістерді терең әрі шынайы бейнелейді. Туындыларында адамгершілік, әділдік, ар-ождан, білімге ұмтылу сияқты қасиеттер басты орын алады. Ол кейіпкерлер тағдыры арқылы қоғамдағы мәселелерді көрсетіп қана қоймай, оқырманды ойлануға, дұрыс жолды таңдауға жетелейді. Адам мен қоғам арасындағы байланыс та терең бейнеленеді: қоғамдық өзгерістер адам тағдырына әсер етсе де, рухани биіктік пен адамгершілік ұстанымдары бәрінен жоғары тұруы тиіс деген идея айқын байқалады.

Жазушының ең ірі туындысы – «Абай жолы» роман-эпопеясы. Бұл шығармада XIX ғасырдағы қазақ қоғамының тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, әлеуметтік жағдайы жан-жақты суреттеледі, сонымен қатар адам жанының күрделі болмысы, рухани ізденісі мен өмірлік мақсаттары терең көрсетіледі. Романның басты кейіпкері – Абай Құнанбайұлы. Абай бейнесі арқылы жазушы қазақ қоғамындағы рухани жаңғырудың маңызын ашады. Ол білімге құштар, әділдікті жоғары қоятын, халықтың болашағына алаңдайтын тұлға. Абай надандықпен, әділетсіздікпен күресіп, адамдарды білім мен мәдениетке шақырады. Оның өмірлік ұстанымдары мен ойлары оқырманды рухани тұрғыдан кемелденуге жетелейді. Абай образы тек тарихи тұлға ғана емес, кемелдіктің символы.

Сонымен қатар, Әуезов шығармаларында ұлттық құндылықтар мен халықтық дәстүрлер де кең көрініс табады. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы кейіпкерлер өмірімен тығыз байланыста суреттеледі. Жазушы кейіпкерлердің қуанышы мен қайғысын, үміті мен күдігін, арманын шынайы бейнелейді. Осы арқылы оқырман кейіпкерлер тағдырына бейжай қарай алмай, олардың сезімін бірге сезінеді. Бұл көркемдік шеберлік адам болмысының күрделілігін және рухани ізденістің маңызын анық көрсетеді.

Бүгінгі күні де Мұхтар Әуезов шығармалары өзектілігін сақтап отыр. Жастар қауымы үшін оның туындылары – рухани тәрбие мектебі. Мұхтар Әуезов еңбектері арқылы оқырман ғылым мен ізгіліктің құндылығын терең сезініп, өз өмірінде игі жолды таңдауға ұмтылады.

Аяулым  БҰХАРБАЙ,

Астана қаласы,

М.Әуезов атындағы «№86 мектеп-гимназиясының»

11-сынып оқушысы

Жетекшісі: Байтугулова Кульбаршин Калидулаевна,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сәйкес жаңалықтар

«Ғылымға арналған ғұмыр»

Қасым — Жомарт Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккен азаматтармен кездесті

Қазақ радиосында Әнуарбек Байжанбаев атындағы студия ашылды

farabi shakirti shakirti