📸 Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).
Жолдаған: автор Рысбек Жанерке
2026 жылдың 3 қарашасында Алматы қаласында «Қазақ аруы» сайысы өтті. Қазақ аруы қазақ ұлтының салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін, әдептілігін дәріптейтін байқау. Бұл байқаудың басты мақсаты — қазак қыздарының ақылын, даналығын, олардың өмірлік ұстанымын, өнерлі қазақ қыздарын таныту. Байқауда әдептілігі пен инабаттылығы,ойын ашық жеткізетіні, ұлттық салт-дәстүрді білуі, сахнада сенімділігі бағаланады.
Қазақ аруы тек сыртқы сұлұлықты ғана емес арудың ішкі жан дүниесімен, байлығымен, тәртібімен ерекшеленетін қазақ қызы.
Қазақ аруы жыл сайын өткізілетін байқау. Осы жылғы, яғни 2026 жылғы байқауға тоқталайын. Республика сарайында биылғы жылдың 3 – қарашасында өткен «Қазақ аруы» байқауы 5 кезеңмен ұйымдастырылған. 1.Таныстыру, 2.Сән көрсету, 3.Өнер көрсету. 4.Сұрақ -жауап. 5.Қорытынды кезең.
Осы жылғы байқау көпшіліктің наразылығын тудырды. Әсіресе 4 кезең яғни сұрақ-жауап кезеңі халық арасында қызу талқыға түсті. Себебі халықтың ойынша қыздарға өте қиын сұрақ қойылған, кей қыздарға жеңіл тұрмысты сұрақтар қойылған болса, 16 нөмерлі Шымкент қаласының қызы Мереке Жарқынбекке «Таяу шығыстағы шиеленіс кімге тиімді?» деген сұрақ қойылған болатын. Ал одан кейінгі қыздарға заң туралы сұрақтар да қойылды. Байқаудың куәгері болған жандардың пікірлері «Threads» әлеуметтік желісінде тез таралып кетті. Жұрт бұны «Бұл қазақ аруы сайысы ма, әлде саясаттанудан емтихан ба?» — деп өз ойларын білдірген. Әлбетте, көптеген желі қолданушысы сұрақтардың деңгейі бірдей болмағанын айтты, себебі бұндай сұрақтар қазақ аруы байқауына жат деп есептейді.
Қорытындылай келе, «Қазақ аруы» байқауының сұрақ-жауап кезеңін жүйелеу және қыздарға
бірдей деңгейдегі сұрақтар қойылуы қажет еді деп ойлаймын. Саяси және халықаралық күрделі тақырыптағы байқауға қатысы жоқ сұрақтар қойылса, бұл оларлың білімін емес, бағытын тексергендей болады.
РЫСБЕК Жанерке,
«№44 жалпы орта білім беретін
мектеп гимназиясының» 11 – сынып оқушысы.
Жамбыл облысы, Меркі ауданы
