ЗАРИНА НҰРҒАЛИЕВА ҮШ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Грузияның Батуми қаласында шахматтан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Сайысқа 35 мемлекеттен 426 шахматшы қатысты, — деп хабарлайды www.farabishakirti.kz   AtyrauPress облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Зарина Нұрғалиева шахматтың «Рапид» түрінен күміс, ал «блиц» бойынша алтын медаль жеңіп алды. Ол осымен 3 рет Әлем чемпионы атанып отыр. Заринаны жарысқа дайындаған жеке жаттықтырушысы халықаралық спорт шебері Жәнібек Аманов және облыс аға жаттықтырушысы Сабырбай Гайсин. Айта кетейік, Әлем чемпионаты 5-11 маусым күндері өткен еді.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

Atpress.kz

Фото: «Атырау газеті»