Түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі
Мәшһүр –Жүсіп Көпейұлы
*Дүниедегі ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі.
*Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтті.
*Кедейлік үш ағайынды болады: үлкені – кежірлік, ортаншысы – еріншектік, кенжесі – ұйқы.
*Шын жақсының бойында болмас кегі.
*Не нәрсе талаптансаң табылады.
*Не пайда күш жоқ болса,нарлығыңнан,
Пайда жоқ,кең болмасаң,тарлығыңнан.
Көрінбеген нәрсені аламын деп,
Айырылма қолыңдағы барлығыңнан.
*Шын жақсы ішкі өнерін жасырмаса,
Халқынан бойын биік асырмаса,
Бәріне мұсылманның бауыр болып,
Аулаққа бойын тартып қашырмаса.
*Не нәрсе парыз болса, ғылым – парыз,
Ғылым білсең, өтелер қанша қарыз
*Ай қараңғы, күн бұлт, түн демеңіз,
Біреу жарлы, біреу бай, күндемеңіз.
Ата тілін сыйлаған адал ұлды
Хат оқыған молдадан кем демеңіз.